Еуроодақ елдері Ирандағы жағдайға пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gnkslNyRNexlq3YrVIlukAcFdZH1y8rGSYkxdx0M.webp

Ирандағы ахуалға байланысты Еуроодақ елдері ресми ұстанымдарын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасап, аймақтағы жағдайдың «өте алаңдатарлық» екенін атап өтті. Олар Еуроодақтың өңірдегі серіктестерімен тығыз байланыста екенін жеткізді.

Мәлімдемеде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шиеленістің ушығуына жол бермеу аса маңызды екені айтылған. Сондай-ақ Еуроодақ Иран үкіметіне және Ислам революциясы сақшылары корпусы қатысты ауқымды санкциялар енгізгені хабарланды.

"Мемлекет басшыларының үйлесімді іс-қимылы негізінде ЕО азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Барлық тараптарды сабырлық танытып, бейбіт тұрғындарды қорғауға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырамыз", — делінген мәлімдемеде.

Италия сыртқы істер министрі Антонио Таяни Тегеран мен Тель-Авивтегі итальян елшіліктерімен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

"Біз үшін ең бастысы — Италия азаматтарының қауіпсіздігі. Дағдарыс орталығы Фарнезинеде жұмыс істеп жатыр", — деді ол.

Нидерланды премьер-министрі Роб Йеттен ел билігі жағдайды жіті бақылап отырғанын және тараптарды сабырлыққа шақыратынын жеткізді.

Пікірлер