Егер несие тарихыңыз нашар болса...

7412
Adyrna.kz Telegram

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова "Нашар несие тарихы зейнетақы жинақтарын алуға әсерін тигізе ме?", деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

"Нашар несие тарихы біржолғы зейнетақы төлемдерін беруден бас тартуға себеп болмайды. Бұл өзара байланысты нәрселер емес", - деді Ибрагимова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, клиенттің несие тарихы, зейнетақы қаражатын ипотекаға пайдаланған жағдайда ғана ескеріледі.

"Мақсатыңыз жаңа ипотекалық қарыз алу болса, арнайы шотқа ақша түскеннен кейін, сіз, әрине, ең тиімді шарттарды іздестіріп екінші деңгейдегі банктерге барасыз және мұнда қарызды бұрын қалай төлегеніңізге, яғни несие тарихыны қарайды.

"Отбасы банк" бойынша нақты жауап бере аламын. Біз мерзімі өткен берешек болмаған жағдайда, кредит тарихын жақсы деп бағалаймыз. Яғни, қарызды кеше кешігіп төлеген болсаңыз да. Несие алу үшін банкке өтініш пен құжаттарды тапсыру кезінде, сізде мерзімі өткен берешек болмаса, біз сіздің басқа екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынасыңызға қарамаймыз", - деп толықтырды Ләззат Ибрагимова.

Пікірлер