Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов "Спутник V" вакцинасын салдырды, деп хабарлайды "Адырна" ұттық порталы.
"Мен өзімді жақсы сезініп тұрмын. 21 күннен кейін вакцинаның екінші екпесін салады", – деді Қиясов.
Сондай-ақ вице-министр вакцина вирустан түбегейлі құтқармайтынын, маска кию мен арақашықтықты сақтау әрі қарай да жалғаса беретіндігін атап өтті.
"Вакцинаға қарамастан, мен сізді де режимді сақтауға шақырамын, өйткені адам вакцинаны алатынына қарамастан, кейде вирусты тасымалдаушы ретінде қызмет етуі мүмкін. Ықтималдығы аз, бірақ сіз өзіңізді қорғайсыз. Вакцинация жасау арқылы ең алдымен өзіңізді қорғаңыз. Ауруды жұқтыру мүмкіндігін азайтасыз. Бірақ ағзаңызды сізге шабуыл жасай алатын вирустардан босатпайсыз. Бұл вакцина сіздің денеңізді аурудан қорғайды", - деді бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Қиясов қалыпты өмірге карантин шараларынсыз оралу үшін Қазақстан халқының жартысына вакцина егу керек екенін тілге тиек етті.
Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың соңына дейін 6 миллион адамға вакцина егуді жоспарлап отырғанын еске сала кетейік.
"Адырна" ұлттық порталы