Майра Мұхамедқызы басшылық лауазымға тағайындалды

2282
Adyrna.kz Telegram

Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалалық Опера және балет театырының басшысы қызметіне тағайындалды.  Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы  парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды.

Майра Мұхамедқызы -  ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.

Ол 1969 жылы 5 қыркүйекте ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетінде (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясында (Го Шу Джен сыныбы) білім алған.

Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.

Майра Мұхамедқызына еңбегіне жеміс, қызметіне абырой тілейміз.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

Пікірлер