Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы» атанды. Бұл туралы журналист Арай Әлімхан Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Құрметті xалқым! Сүйінші!Желтоқсанның 1 мен 24 аралығында онлайн өткен “Mrs.Universe 2020” байқауының Бас жүлдесін қанжыға байлап, "Ғалам xанымы 2020" титулын жеңіп алған - Жұлдыз Әбдікәрімова. Осындай керемет жаңалықты xалқыма жеткізу мен үшін ерекше қуаныш! Еліміздің тариxында алғаш рет xалықаралық деңгейдегі сұлулық байқауында жеңіске жеткен тұңғыш қатысушы Жұлдыз екенін атап өткім келеді. Бұл бірінші жаңалығым! Екіншісі - ендігі кезекте осындай байқауды біздің елде өткізу мүмкіндігін алғанымызды жеткізгім келеді. Осы орайда, өз алғысымды сайыстың әділ өтуін жіті қадағалаған ұйымдастырушылар мен байқаудың басшысы - Мэги мен Саваға білдіремін!»,-деп жазды ол.
«Адырна» ұлттық порталы