Тірілерді жерлеу рәсімі не үшін керек?

2460
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяда тірілерді жерлеу рәсімін ұйымдастыратын агенттік пайда болған. Hyowon деп аталатын ұйым өздерінің күйбең тірліктен шаршап, жүйкесі тозған халықты оңалтып жатқандарына сенімді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы KYN.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Ағаштан жасалған табытта адамдар кемі екі сағаттай отырады, жатады өзімен-өзі сыраласады. Өмірін қорытындылап, қандай әбестікке жол бергенін, нендей шаруаны аяқтай алмай қалғанын ойланады.

Осы өмірге келгендегі істерін саралағандар арасында жақынымен жанжалдасқандар өте көп екен. Психологиялық тұрғыдан шаршап, күйзеліске түскендердің көпшілі осында келіп, өзін емдеуге, ашуын басып, алдамшы өмірден тек рақат көруге шешім қабылдайды екен. Тіпті жақсы жерде жұмыс істейтін, зиялы адамдар арасынан да осында айына бір рет келіп, өзімен сыраласатындар да бар көрінеді.

Бұл қызметтің іске қосылғанына көп болмапты. Дегенмен ұйымдастырушылар 25 000 адамға көмек беріп үлгергендерін айтып мақтануда. Айтуларынша осы жерде “жерленіп” қайта кеткен кісілер мейірімі артып, ашуы басылып, өзгелерден кешірім сұрауға асығады екен.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер