Бермуд үштағанының жұмбағы белгілі болды

4622
Adyrna.kz Telegram

Австралиялық зерттеуші Шейн Саттерли 1945 жылы Бермуд үштағанында бес ұшақтың жоғалып кетуінің тағы бір себебін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 9 News-ке сілтеме жасап.
Оқиға 1945 жылы 5 желтоқсанда, лейтенант Чарльз Тейлордың басшылығымен "19 Рейс" деп аталатын АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бес торпедошысы оқу тапсырмасына аттанып, Бермуд үштағанының аймағында ұшып, кейін радар экранынан жоғалып кеткен.
Саттерлидің айтуынша, қайғылы жағдайға осы аймақтағы тылсым құбылыстар емес, экипаждың дұрыс емес әрекеттері себеп болған. Қараңғы түсіп, ауа райының өзгерген соңТейлор құрылғылар бойынша емес, терезедегі көрініске қарап әрекет жасаған.

«Тейлор ұшу кезінде бірнеше рет адасқан. Тынық мұхитында екі рет оны құтқаруға тура келген», - дейді ғалым.
Ғалым экипаж мүшелерінің көпшілігі машықтанушылар болғанын және күрделі жағдайларда бұрандалы қанатты машиналарды қалай басқаруды білмейтінін айтты.

Саттерли АҚШ әскери күштері қайғылы жағдайдың себебін білетінін, бірақ Тейлордың анасы ұшақ табылғанға дейін оның баласын болған оқиғаға ешкім кінәлай алмайтынын айтты. Осыған байланысты әскери адамдар есепте "себебін белгісіз" деп көрсетуге мәжбүр болған.

Фото ашық дереккөзден алынды

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер