ХҚКО-ға ертерек бармағаным үшін кешіріңіздер  - Бағдат Мусин

2682
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптаның соңында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар  және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Нұр-Сұлтан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне «министр» ретінде емес, жай қызмет алушы, клиент ретінде барды. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы министрдің  инстаграмм парақшасындағы жазбасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«ХҚКО-ның бәрі біздің көңіліміз қалағандай, ойдағыдай емес екен. Күтпеген кезде, тосыннан бару  жалпы жағдаймен танысудың ең тиімді әдісі екендігін тағы да түсіндім. Бұған дейін басшы ретінде барып едім», - деп ағынан жарылыпты еліміздің «ең жас министр» Б.Мусин.

Ол ХҚКО барғандағы өз көзімен көрген «көңілге қонымсыз» көріністерді де тізімдеп, нақты айтыпты:

  1. «ХҚКО маңайында «көмек қолын созғыш» дүңгіршектер қаптап кетіпті. Олар «ақысына» ЭЦҚ шығарып беруге және егов порталының қызметтерін алуға көмектеседі. Пандемия кезінде ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету орындары жабылып қалған еді, алайда бұл сондайлық дұрыс шешім болмағандығын көріп отырмыз. Адамдар жаңағы дүңгіршектерге жиналғандықтан вирус жұқтыру қаупі де басым, оның үстін «тегін» алуға болатын қызмет үшін «ақы» төлейді.

Бір апта ішінде өз-өзіне қызмет көрсету орындарын қайта қалпына келтіруді тапсырдым! Пандемиямен күресуге көмектескендей сыңай танытқандай болмай, санитарлық жағдайды бақылауға ұстай отырып, ХҚКО-да жұмыс істегеніміз дұрыс.

  1. ХҚКО-ның санитарлық тораптарындағы (дәретханалар мен қол жуатын орындар) жағдай да мәз емес екендігі  байқалады.

Оларды тез арада жөндеуге қаржы бөлу, санитарлық тораптарды әр сағат сайын суретке түсіріп, ол фотоларды  басшыларға және ахуалдық орталыққа жіберіп отыру  тәжірибесін енгізу  туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өңірлік және аудандық басшыларын жеке жуынатын бөлмелері бар сәнді кабинеттерден  айыруды тапсырдым.  Басшы клиентпен бірге бір санитарлық торапқа баруы керек, сонда жағдай басқаша болады деп ойлаймын.

  1. Ресепшннің қасында да адам көп. Бұған себеп клиент кеңес алып болған соң ғана талон берілетіндігі. Менің көзімше аз дегенде 5 адам анықтамаларды басып шығарды.

Тұтынушылардың ең көп алатын қызмет түрлеріне, мысалы: «егер жеке куәлігің жоғалса не істеу керек?», «пәтеріңізде сіз танымайтын адам тіркеуде тұрғандығын білген жағдайда қайтпек керек?» және т.б. сұрақтар бойынша  қысқа да нұсқа,әрі нақты кеңестер көрсетілген бір беттік жеке-жеке ақпарат-парақшалар дайындау керектігі туралы шешім қабылданды.

Ал анықтамаларды басып шығару үшін сол баяғы ескі болсада ыңғайлы инфокиоскілер қайтадан іске қосылады, оған куәлігіңізді қойып, сканерден өткізіп, кез-келген анықтаманы шығаруға немесе қызмет алуға өтімім беруге болады.

  1. Жеке куәлігімді қалпына келтірдім. Суретке түсірген соң, адам суретке қалай түскенін көру  үшін  орнынан тұрып оператордың мониторына үңілуге мәжбүр. Бұл ыңғайсыз.

Барлық жерге екінші монитор қою керектігі туралы шешім шығарылды. Бұл шешім шындығында 2013 жылғы стандартта бекітілген болатын! 2013 жылы енгізілген нәрсені  қайта қайтаруға тура келіп тұр!

  1. Қандай да бір құжаттың дайын болғандығы туралы білу үшін қазір ХҚКО қоңырау шалуға  мәжбүрсің. (2008 жылдың өзінде Тимур Жүнісовтің айтуы бойынша құжаттың дайын екендігі және оны алып кетуге болатындығы туралы смс-хабарламалар жасалынған еді).

Аз уақыттың ішінде клиенттерге смс-хабарлама жолдау бойынша сервисті қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

  1. Кезекті броньдау – бір пайдасы жоқ дүние. Кезекті броньдайсың, ертерек келесің, ал сенімен бірге броньсыз  адамдар да келеді, ұрысысады, дауласады содан оларға да қызмет көрсетіледі.

Броньды тек  белгілі бір фокус тобы  (ол жерге әр түрлі жастағы адамдар кіретін болады) қолдана алатын кезде ғана міндетті қылу керектігі туралы шешім қабылданды.

ХҚКО-ға бұдан ертерек бармағаным үшін кешіріңіздер.Барлық қызмет түрлерін онлайнға ауыстырып, ХҚКО бару қажеттілігін жоюды ойладым. Алайды, жасы үлкен адамдар үшін ХҚКО бару әлдеқайда тән құбылыс екендігін мойындаймын, сондықтан  бұдан былай да қызмет көрсету кезіндегі жасалатын жайлылық жолында тер төгемін».

Фото Б.Мусиннің инстаграмм парақшасынан алынды

Ерке Жомарт

«Адырна»  ұлттық порталы

 

Пікірлер