Балық аулау кезінде 11 адам қайтыс болды

2761
Adyrna.kz Telegram

Су айдындарында балықшылардың қаза болу жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР ТЖМ баспасөз
қызметіне сілтеме жасап.

Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан-22 қараша) елдің су айдындарында 12 адам, оның ішінде 1 бала қаза тапты.

Балық аулау кезінде ережелердің бұзылуынан 11 адам қаза тапты және ересек адамдардың қарауынсыз қалған 1 бала абайсызда суға құлап, суға батып кеткен.

«Ағымдағы жылы қаза болғандар Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының су айдындарында тіркелді. Мәселен, өткен күз-қыс маусымында (2019 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін) еліміздің су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан, сондай-ақ мұз өткелдері арқылы өту кезінде 37 адам (оның ішінде 10 бала) қаза болды»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер