Балық аулау кезінде 11 адам қайтыс болды

2945
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/4bbf3089-862c-4057-8981-701792f72014.jpeg
Су айдындарында балықшылардың қаза болу жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан-22 қараша) елдің су айдындарында 12 адам, оның ішінде 1 бала қаза тапты. Балық аулау кезінде ережелердің бұзылуынан 11 адам қаза тапты және ересек адамдардың қарауынсыз қалған 1 бала абайсызда суға құлап, суға батып кеткен. «Ағымдағы жылы қаза болғандар Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының су айдындарында тіркелді. Мәселен, өткен күз-қыс маусымында (2019 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін) еліміздің су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан, сондай-ақ мұз өткелдері арқылы өту кезінде 37 адам (оның ішінде 10 бала) қаза болды»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments