Үкімет шетелдік инвесторларға 25 жыл бойы жеңілдік жасайды

3988
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан шетелдік инвесторларға 25 жыл бойы жеңілдік жасайды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент шетелдік инвесторлар кеңесінде айтты.

«Әлем елдерінің табысы 10,7%-ке азайды. Бір жылға жетер-жетпес уақытта 3,5 трлн доллар жоғалтты. Инвестиция тарту өткір мәселе айналды. Оның көлемі биыл 40%-ке азайды. Келесі жылы тағы 10%-ке төмендейді. Бұл – дабыл қағатын жағдай.

Қазір әлем елдері вирустың зардабын тартып отыр. Бұл індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Осындай қиын сәтте Қазақстанға қол ұшын созған инвесторларға алғыс айтқым келеді. Олар аянып қалған жоқ. Қал-қадірінше көмектесті. Біз инвесторлардың алаңсыз жұмыс істеуіне әлі де жағдай жасаймыз. Сондықтан алдағы уақытта бірлесіп қызмет қыламыз дегенге сенемін»,-деп мәлімдеді ол.

Жиын барысында Азия даму банкінің вице-президенті де Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Азия даму банкі биыл жызда Қазақстанға 1 млрд доллар көлемінде көмек көрсетті. Несие ретінде берілген қаражат денсаулық сақтау саласын дамытуға жұмсалды. Қаржылық дағдарыспен күресу үшін біздің банк Қазақстанға тағы да көмек көрсетуге дайын»,-деді Ашок Лаваса.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер