ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Тарихтағы сатқын саясаткерлер

4214
Adyrna.kz Telegram

Коммунистік партияның тарихынан қысқаша үзінді

Ленин өлгесін (1924), партиядағы екінші адам, жолдас Троцкий — сатқын болып шықты.

Сөйтіп, Каменев, Зиновьев, Бухарин және Сталин Троцкийді құлатып, оны КСРО-дан біржолата қуып шықты (1927).

Алайда бірер жыл өткесін, Каменев, Зиновьев и Бухариндардың да халық жауы, ұлт зиянкестері екені анықталады. Содан өжетті һәм батыл, жолдас Генрих Ягода оларды тұтқындап, қамаққа алады (1936).

Кейінірек, Ягода мырзаны жаудың тыңшысы деген айыппен Ежов тұтқынға алады (1937).

Тағы бірнеше жылдан кейін Ежовтың да жолдастықтан ада, барып тұрған сатқын, халық жауы екеі мәлім болады. Оны Берия тұтқындайды (1938).

Сталин қайтыс болған соң (1953), Берияның да сатқын екені әшкереленеді. Оны Жуков тар қамаққа алып, соттайды (1953).

Кейін Хрущев Жуковтың өзі жау әрі қастандық жасаушы екенін біліп қойып, оны Уралға айдауға жібереді.

Содан тағы біраз уақыттан соң, кеңес үкіметінің басты жауы, ұлт зиянкесі, ғасыр залымы Сталин екені белгілі болады (1956). Онымен қоса саяси бюроның басым бөлігі халық жауы танылады. Нәтижесінде, адал партия құрған Хрущев Сталинің денесін мовзолейден шығарып, Шепилов бастаған политбюроның зәлім өкілдерін тым-тырақай қуады (1957).

Арада бірнеше жыл өткесін, Хрущевтың да сатқын, волюнтарист, арамза әрі нағыз авантюристің өзі екені анықталды. Сөйтіп Брежнев оны зейнетке жібереді (1964).

Ал, Брежнев келмеске кеткесін оның да ұлтқа аса жаны ашымағаны, елді тоқырауға ұшыратқан зиянкес екенін қызметтес әріптестері біліп қойып, жағасын ұстайды (1964-82). Одан кейін тағы екі басшы болды. Бірақ олар ешкімнің есінде жоқ (1982-85).

Содан соң билікке жас, энергиясы тасып тұрған, жаңашыл Горбачев келеді. Келе сала партия тек зымзия арамзалардан, кілең сатқындардан құралғанын әшкерелеп, полютбюроны ретке келтіруді бастап кетеді. Осы кезде КСРО тарайды (1991).

Бәріне кінәлі деп,сатқын әрі халық жауы Горбачев айыпталады!

Атын атамауымызды өтінген бір оқырманымның хаты..

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер