Ақтөбеде Өзбекстан азаматын құлдықта ұстаған

3156
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығының басшысы 58 жастағы Өзбекстан азаматын бір жыл бойы құлдықта ұстап келген,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Бұл жағдай Ішкі Істер министрлігі жүргізген "Стоп-трафик" жедел-прафилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Күдікті жәбірленушінің құжаттарын тартып алып, күш көрсеткен. Қазір аталған іс бойынша тергеп-тексеру амалдары басталып кетті. Айыпталушы уақытша ұстау абақтысына қамалған.

«Шаруа қожалығының басшысы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол Өзбекстан азаматына ұрып-соғып, оған мал бақтырып қойған. Оны айдаладағы сарайда ұстапты. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 128-бабы, адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Камиль ҒАЛИЕВ.

Дәл осындай факті Қостанай облысында да тіркеліп отыр. Шаруа қожалықтың иесі, 21 жастағы жігітті мәжбүрлеп екі жарым жыл бойы жұмысқа жеккен. Министрліктің мәліметінше, қостанайлық азаматқа мал бақтырған. Сонымен бірге, өкілетті органдар үш күн ішінде 65 қылмыстың бетін ашыпты. Оның ішінде адам саудасының алты фактісі және бір адамды заңсыз қамау дерегі әшкере болды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер