Әзірбайжанның Қарабахты қайтаратынын 30 жыл бұрын білген «сәуегей»

3947
Adyrna.kz Telegram

Қауіпсіздік күштерімен байланысы бар танымал «Майор және генерал» Telegram-каналының авторлары Қарабақтағы қазіргі оқиғалардың неліктен шиеленіскенін түсінуге мүмкіндік беретін қызықты оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Day.Az. 

Евгений Максимович Примаков (Кеңестік және ресейлік саясат және мемлекет қайраткері – ред.) 90-шы жылдардың басында Арменияның сол кездегі президенті Левон Тер-Петросянмен әңгімелескен деп кейбір мамандар айтады.

Примаков президентке шамамен: «Біз Еуропамен және АҚШ-пен келіскенбіз. Сізге басып алынған аймақтарды Әзірбайжанға қайтаруды ұсынамыз, оның орнына Әзірбайжан Таулы Қарабахтың мәртебесін мойындайды», - деп айтқан.

Примаковтың армян «дала командирлерімен» консультацияларынан кейін бұл ұсыныстың жауабы: «Біз мұны жасай алмаймыз. Олар бізді түсінбейді және қосыла алмаймыз. Армяндар жаулап алған нәрсені жауға бермеу керек деп санайды», - болады.

Сонда Примаков: «Әзірбайжан қалай жұмыс істеу керегін және күтуді біледі. Олардың ресурстары да жетеді. Бұған 10, 20, 30 жыл қажет болар, олар күш жинап, бәрін сізден тартып алады», - деген.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер