Әлемдегі ең сұлу әйел - қазақ әйелі

6690
Adyrna.kz Telegram

Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі» дейді.

Қазақ әйелдері жайлы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел бізге тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп» өмір сыйлайды, түн ұйқысын төрт бөліп, бізді бағып қағып тәрбиелейді. Кешегі қазақ әйелі дәстүрлі мәдениеттің бесігінде тербеліп, қайнарынан қанып ішкен. Қоғамда өз орнын жазбай танып, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген.

Қазақ халқы үшін әрдайым әйел адам жоғары деңгейде. Халқымыз ел болашағы, өскелең ұрпақ тәрбиесі, олардың жақсы адам болып өсуі, отбасы бақыты осының бәрі әйел адамға байланысты деп есептеген. Сол себепті қыз баласы тәрбиесіне аса қатты назар аударған.

Әйелдің отбасыдағы орыны жайлы айтатын болсақ. Қазақ қыздағының шаруашылыққа, үй тірлігіне араласуы 6-7 жасынан басталған. Бұл жастағы қыз баласы отын-суға араласып, бесік тербеткен. 8-9 жасынан кесте, тігін тігуді үйреніп, кілем тоқып бастаған. Қазақ қыздары сонау заманда 16-17 жасында-ақ тұрмысқа шыққан. Қыз бала ұзатылғанға дейінгі орыны әрдайым оң жақ болған. Қазақтар арасында қыз балаға отбасында ерекше көңіл бөлген, сондай-ақ, бойжеткен қызға сол әулеттің тең құқықты мүшесі ретінде  қарап, құрметтелген.

Тұрмыс құрған соң да қыз баласының тәрбиесінде, өз өзін ұстауына өатысты талаптар болған. Келін ата-енесі тұратын үйдің төріне шықпаған, төсегіне отырмаған. Қыз күйеуге шыққан соң , енесінің  тәрбиесін көріп, ысыла түскен. Және де ене келіннің әрі ақылшысы, әрі кеңесшісі болған. Келін күйеуінің туыстарының  үлкен-кішісіне қарамай, ат тергеп, аттарын атамаған. Оларға сәйкесінше өзі жаңа есімдер қоятын болған.

Сондай-ақ, қазақ отбасында ең алдымен әйел салтанатына, оның сырт келбетіне қатты көңіл бөлген. Отбасының әлеуметтік жағдайына қарай киімнің асылы, алтын-күмістен жасалған қымбат та, сәнді әшекейлер әйелге арналған.

Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ, қоғам кайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Тарихта болған Болған анаДомалақ анаДарабоз анаҚарқабат анаҚызай анаНайман анаҰлпан аналар - рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, Абақ, Қызай т.б. аналар рулы елдің ұранына айналып (Е.Мүсірепов), сол рудың атына негіз болды.  Бәйдібек бидің жары Нұрила өзінің әдептілігі, ізеттілігі, даналығымен ерекше көзге түсіп, ел анасы аталған.

Әйелдердің пірісі Бибі Бәтима мен Бибі Зухраны баланы сылағанда, жаңа іс бастағанда, пір тұтып солардың атымен бастаған. Мәселен, баланы төмендегідей ғұрыптық жырды айтып барып майлап сылаған: Тәу, тәу, тәу Сыламақ менен Мықты болмақ сенен Менің қолым емес Бибі Бәтима, Бибі Зухра қолы, Ұмай ана, Қамбар ана қолы Тастай қып Темірдей қыл Дерт үйге кірмесін. Балаға тимесін, Өс, өс, өс.

Сонымен қатар қазақ қыздары қайсар мінезді. Олардың бойларында әскер басқару, қол жию, майданға шығуға деген куш- қуат, қасиет бітсе керек. Отаршылдық дәуірде Көктемір деген лақап атқа ие болған Сапар қол бастады. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа Кенесарының қарындасы Сәмеке ханнық жары Бопай өзінің 6 ұлын ертіп барып қосылады. Оның қозғалыс кезінде 600 адамдық жасақты басқарып, Аманқарағай дуанына шабуыл жасаған. Азамат соғысында Айғыз Көшкімбайқызы Аякөз шебінде соғысып, Колчак әскері қолынан қаза тапты.

Байырғы қазақ қоғамында қазақ әйелінің әлеуметтік еркіндігі де болды. Қазақ әйелдері ұзын жең, кең етекті көйлек киіп денелерін жасырғанымен, бет-жүзін ашық ұстаған. «Қазақ әйелі», «қазақ қызы» деген ұғымның мазмұны қазақы болмыс, қазақы тұрмыстың көрінісі, ежел- ден қалыптасқан салт-дәстүрі т.б жайттарды қамтиды.

Енді қазіргі таңдағы қыз балалар, әйелдер бейнесі мен олардың қоғамдағы рөліне келіп тоқталсақ. Бүгінгі күннің тың, ерекше үрдістері қазақ әйеліне мүлде бөлекше, жаңа заманауи талаптар мен жауапкерлішіктер жүктеп отыр.

Қазіргі таңда олар тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға да, ғылым, өнер, әдебиет, спротқа да барынша өз үлестерін қосып, өз салаларында ойып тұрып өз орыдарын алуда. Қазіргі таңда нәзікжандыларымыз мемлекеттік қызттердің де бел ортасында жүр. Мәліметтерге жүгінсек, еліміз бойынша мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 58 пайыз болса, солардың ішінде, жоғары лауазымдағы әйелдер 10 пайызды құрайды екен. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне депутат болып 26 нәзік жанды сайланса, олардың қатарында 2 министр, 5 вице-министр, 4 аудан әкімі қызмет атқаруда.

Қазақ халқының әйел қауымы заман талабына сай бола отырып, сонау көнедег келе жатқан аналарымыздың «образын» сақтап, отбасы ұйытқысы болып отырған шын мәнінде көз қуантады.

Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел. Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел.

  1. https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/8-nauryz-2013/7865/
  2. https://abai.kz/post/16874

 

Түзелбек Индира, Сейдуалы Хадиша,

Философия және саясаттану факультетінің профессоры, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы

Пікірлер