Мемлекеттік орган кезекті рет жалтарма жауап беріп, Аида Джексеннің қоғамық қорын тіркеуден бас тартты. «Бас тартудың себебі – Қордың атауына қатысты ілік іздеу, сондай-ақ біз мүлікті беру құқығын жіктемедік, дегенмен құрылтайшы келісімшартының 2.4-тармағында Құрылтайшылар Қор мүлігіне мүліктік құқықтарға ие бола алмайды делінген», – деп жазды Аида Джексен JexeNews (https://t.me/jexenews) телеграм-каналында деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Министрлікке қоңырау шалу арқылы алынған түсіндірмелер де анық болмай шықты.
Әділет министрлігі түсіндіруден және қандай тұжырым олардың көңілдерінен шықпағаны жайында ұсыным беруден бас тартты. Айтқандарынан қайтпай,– өз қалауыңызша жаз деп қасарысып отыр.
Қоғам белсендісі тіркеудің ойластырылмаған жүйесі, заңды субъективті түсіндіру және біліктілігі төмен мамандар қазақстандықтардың азаматтық құқығына әлі талай уақыт кедергі келтіреді деген ойда. Аида Джексеннің сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуға ниеті орган тарапынан қорды тіркеуден бас тартуының бір себебі деп санайды ол. Осыған дейін Аида Джексен беларусьтік Дауыс беру кодтарына негізделген дауыс беру бойынша сайт құруды жоспарлап жатқанын мәлімдеген болатын.
Көмек беруге ынта білдірген белгілі заңгерлер Әсет Құрмашев пен Олег Чернов та осындай ойда.
- Мұндай ситуация билік қоғамдық ұйымдарды құруды бақылайтынын және кез келген белсенділік белгілерінен қорқатынын анық көрсетеді», – деп санайды Әсет Құрмашев.
-Әділет министрлігі мәміле шарттарын қоғамдық ұйымдар құрылтайшыларына іліп жатыр. Олар ішкі құжаттарға араласпауы керек», – деді Олег Чернов.
Аида Джексен осы кедергіге қарап, тоқтап қалмақ емес, ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шағым, сотқа арыз түсіріп, қорды ашу жөнінде өтінімді қайта беруге құжаттар дайындап жатыр.
Аида Джексеннің қоғамық қорын тағы да тіркемеді
11.11.2020
2272
Пікірлер
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз