Электронды сауда — цифрландыру жемісі

2921
Adyrna.kz Telegram

 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы – цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды бағдарлама. Оның бір бағыты – электрондық сауда. Сауданың бұл түрі компьютерлік желілердің көмегімен бизнес үдерістерін жүргізеді.

Электронды сауданың артықшылығы қандай?

Электронды сауданың арнайы бір географиялық шектеуі жоқ. Сіз тұрғылықты жеріңізге қарамастан сатып алудың шексіз мүмкіндігіне ие бола аласыз.  Сонымен қатар ол физикалық жағынан да қолжетімді болып келеді. Яғни сіз кезек күтіп, уақытыңызды зая өткізбейсіз. Электронды сауданың тағы бір артықшылығы - кэшбэк жинау. Тұтынушы белгілі бір тауарды сатып алу арқылы бонус жинай алады. Бизнесмендер e-commerce-ті қолдану арқылы жұмыс күшін үнемдеу мүмкіндігіне ие болады.

Ақша төлемі мен аударымдар ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асады. Бүгінде қашықтан сатып алу кезінде көбіне кредиттік карточкалар төлем құралы ретінде қолданылады.

Тауарлармен элекронды сауда жасауда жеңілдіктер қарастырылған 

Жеңілдіктерді қолдану үшін салық төлеушілер тауарларды өткізу жөніндегі мәмілемелерді электронды нысанда рәсімдеуі қажет. Сондай-ақ тауардың ақысы қолма-қолсыз төлеммен жүзеге асуы тиіс.

Электрондық саудадағы делдалдың міндеті қандай? 

Электрондық саудадағы делдал "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес:

1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпейді;

2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен өзі жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейді;

3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен өзі жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың (электрондық хабарламалардың) мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертпейді;

4) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етеді;

5) егер сатушы электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушы өз міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасалатынын айқындаса, осындай жағдайларды қамтамасыз етеді;

6) сатушының талабы бойынша өзінің интернет-ресурсында электрондық сауда алаңында жүргізілген сауда-саттық қорытындылары жөніндегі ақпаратты орналастырады.

Электронды сауда-саттық көлемі екі есе өскен 

Биыл бірінші жартыжылдықта  елімізде электронды сауданың бөлшек тауар айналымындағы көлемі бір жарым еседен аса өскен. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметімәлімдеді.  Үкімет басшысы электронды сауданың перспективасы зор екенін, әрі экономиканың ілеспе секторлары – логистикаға, контейнерлік тасымалдауға, курьерлік қызметтерге, цифрлық сервистер мен қызметтерге, қолма-қол ақшасыз айналымға, еңбек нарығына және тағы басқаларға мультипликативті әсерін тигізетінін атап өтті.

«Біздің алдымызда электронды сауда рәсімдерін жеңілдетіп, қаржыландыруға жол ашатын, интернет арқылы мәміле жасауға сенімділікті нығайтатын, сондай-ақ киберқылмыстарға қарсы әрекет етуге мүмкіндік беретін тиімді шараларды қалыптастыру міндеті тұр», - деді А. Мамин.

Ал сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бұл сауда нарығының көлемі 700 млрд теңгеден асқан. Қазіргі таңда

электронды сауданың жалпы бөлшек саудадағы үлесі 3,7%-ды құрайды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер