Қарызды қайтару қиын емес

5784
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар ақшаны қарызға жиі алады және береді. Кейбір қарыз берушілер қарызын біреу қайтарып беретіндей ойлайды.  Әйтсе де, сіздің қарызыңыз қайтуы үшін өзіңіз әрекет етуге тиіссіз.  Қимылдамасаңыз, борышкер қарызды қайтаруға асықпайды. Адвокат, "Кәсіби заң кеңесшілері палатасының" мүшесі Илья Князев қолхаттар мен борышкерлерге қатысты адамдардың көптеген сұрақтары мен қателіктеріне жауап берді.

Қолхат бойынша қарызды қалай дұрыс өндіріп алуға болады?

Қарыз берілгені туралы қолхаттың нотариалды түрде заңдастырылуы шарт па? Адвокаттың айтуынша, ҚР АК 716-бабының 2-тармағына сәйкес қарыз шарты облигация, қарыз алушының қолхаты немесе қарыз берушінің оған белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір санын бергенін куәландыратын өзге құжат болған кезде де тиісті жазбаша нысанда жасалған деп танылады. Яғни, нотариалды заңдастыру міндетті емес, бірақ олай жасату артық болмайды.

Қарыз беру кезінде ең бастысы, қолхат дұрыс толтырылуы керек. Қолхатта қарыз алушының аты жөні, ЖСН нөмірі көрсетіліп, қарыз ақшаның алынған уақыты мен қайтарылатын мерзімі көрсетілгені жөн.

Сонымен бірге, заңгер Князев қолхаттың ескіру мерзімі бар екенін атап өтті - бұл мерзім аяқталғанға дейін сіз сотқа жүгінетін және борышкер орындауға міндетті шешім қабылдауға болатын мерзім. Бұл борышкердің алған ақшаны қайтаратын күні белгіленген мерзім. Мысалы, сіздің ақшаңызды борышкер 2017 жылғы қарашаның 15-і күні қайтаратынын көрсетті ме, демек, бұл қолхаттың жарамдылық мерзімі 2020 жылғы 15 қараша күні бітеді. Яғни, қолқаттың жарамдылық мерзімі үш жылды құрайды.

Мерзімін өткізіп алған жағдайда оларды қалпына келтірудің нұсқалары бар, бірақ бұған дейін жеткізбеген жөн.

Мысалы, қолхат бар, ватсапп-да хат алмасу бар. Хат әлеуметтік желілерде жарияланды, бірақ борышкер ақшаны қайтармады. Не істеуге болады?

Егер сіз жалғыз қарыз беруші болсаңыз, онда  - борышкер ештеңені қайтармайды. Ақшаны қайтарып алудың жалғыз жолы-сотқа талап арыз беру.

Егер борышкер біреу, ал қарыз берушілер көп болса, онда борышкердің іс-әрекетінде "алаяқтық"қылмыстық құқық бұзушылық болуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз басқа да қарыз берушілермен топтасып полицияға жүгінуіңіз керек. Мұндай жағдайда полиция «тырп» ете алмай қалады да, істі қолына алады.

Заңгер "егер борышкердің атында еш мүлік болмаса, сот түк істей алмайды» дегенмен келіспейді.

«Некеде сатып алынған барлық нәрсе, әдетте, ерлі-зайыптылар арасында тең бөлінетінін ұмытпауымыз керек. Иә, борышкердің ештеңесі жоқ, бірақ оның әйелінің көлігі, пәтері, жалақысы бар. Сіз борышкердің жалақыны бейресми түрде алатын жерін біліп, жұмыс берушіге ықпал ете аласыз", - дейді маман.

Ол сондай-ақ қарыз мөлшері 250 АЕК-тен (шамамен 500 мың теңгеден артық) асқан жағдайда борышкердің құқықтары мен лицензиялары, мысалы, жүргізуші куәлігі шектелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ борышкерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады.

Сонымен бірге Илья Князев қарызды өндіріп алу үшін нотариустарға жүгінудің қажеті жоқ екенін, қарызды тек сот арқылы қайтара алатынын атап өтті.

«Нотариус шешім шығармайды. Нотариус нотариат туралы Заңға сәйкес заңда айқындалған даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазба жасайды. Дәл даусыз. Қарапайым қолхат даусыз талап емес, ол бойынша сіз сотқа жүгінуіңіз керек»,-дейді заңгер.

Соттың шешімі сіздің пайдаңызға шешілді дейік. Бірақ сот орындаушылары әлі де қарызыңызды қайтартып бере алмай жүр. Не істейсіз?Мұндай жағдайда адвокат сот шешімін орындау үшін ЖСО-ның (жергілікті сот орындайшылары) бәрін жасағанына көз жеткізу үшін атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға кеңес береді.

Мүмкін, ЖСО ештеңе істемеген шығар, мұнда сіз не ЖСО-ны өзіңіз бақылауыңыз керек, не бұл үшін адвокат жалдауыңыз керек. Ал сізде мұндай жағдайлар туындамауы үшін - қарызға бермеуге тырысыңыз. Ал егер беретін болсаңыз, кепіл рәсімдеңіз, сонда қарыз беруші ретінде сіздің мүдделеріңіз қорғалатын болады, - деп қорытындылады Илья Князев.

Орыс тілінен аударып,

дайындаған Рауана ДИМАШҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер