Шымкент: Әл-Фараби ауданында «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды

1519
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – жергілікті әкімдіктердің алдындағы аса маңызды міндет. Шымкент қаласына қарасты аудан әкімдіктері тұрғындармен кері байланысты нығайтып, азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштеріне дер кезінде үн қатуы тиіс. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың 9 айда атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін тыңдаған шаһар басшысы тұрғындар көтерген мәселелерге немқұрайлы қарау әлі де кездесетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырма берген болатын. Яғни, жергілікті билік тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, халықтың күнделікті өмірінде орын алған өзекті мәселелерді шешуге етене араласуы қажет», деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімінің айтуынша, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратына 103 өтініш түскен. Оның ішінде Президент Әкімшілігі арқылы 7 өтініш жолданған.

Шаһар басшысы аудан әкімінің аппараты кейде тұрғындардың өтініштеріне тиісті деңгейде назар аудармайтынын атап өтті. Бұдан бөлек, аудан әкімінің аппараты азаматтармен етене жұмыс істеп, тұрғындар арасында заң талаптарын түсіндіру бағытындағы жұмысты күшейте түсуі қажеттігін жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер