Онлайн сабақ оңбады

3745
Adyrna.kz Telegram

Израиль мұғалімдері қашықтан оқыту жүйесінің нәтиже бермейтінін жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы vesty.co.il-ге сілтеме жасап.

Соңғы екі жылда оқытушылардың жартысы ғана қашықтан оқыту бойынша кәсіби дайындықтан өткен. Мұндай мәліметтерді KAN телекорпорациясының жаңалықтар қызметі жариялады.

Телеарнаның айтуынша, мұғалімдердің көпшілігі жазғы демалыста дайындық курстарына баруға қызығушылық танытқан. Десе де, олар өздеріне қолайлы курстарды таба алмаған.

Zoom арқылы оқыған бала сапалы білім ала алмайды

Педагогтар Zoom арқылы мектеп бағдарламасын түсіндіруге толық мүмкіндіктің жоқ екенін жеткізді. «Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша сабақтар өткізу тіпті мүмкін емес»,-деді олар.

Алайда мұғалімдер кәсіподағының төрайымы Яфа Бен-Дэвид оқытушылардың Білім министрлігі бекіткен барлық шешімдеріне бағынатындығын атап өтті. Сонымен қатар,ол кәсіподақтың да оқыту бағдарламасына өз жоспарын ұсынғанын хабарлады.

Оған сәйкес 1-2 сынып оқушылары аптасына 5 күн, ал 3-4 сынып оқушылары аптасына 3 күн ғана шағын топтарда оқитын болады.

«Білім беру жүйесін жекешелендіруге жол бермеу керек», - дейді төраға.

Оқушылар тапсырманы дұрыс орындамайды

Тәлімгерлер оқушылардың қашықтан алатын тапсырмалары мұқият орындалмайды деп санайды, ал оқытушылардың процесті тексеру мен бақылауға мүмкіндігі жоқ. Олардың айтуынша, орындалған тапсырмалар мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларының шынайы көрінісін көрсетпейді.

2020 жылдың шілде-тамыз айларында оқытушыларға білім беру жүйесіне байланысты сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде респонденттердің көпшілігі қашықтан оқыту кезінде барлық оқушыларда қажетті оқу құралдарының болмағанын жеткізді. Мысалы, құлаққаптар, бейнекамералар мен принтерлер. Кейбір ата-аналар бұл құралдарды алуға мүмкіндіктерінің жоқ екенін айтқан.

Айта кетейік, қазіргі таңда елде 1-4 сыныптарды қараша айынан бастап дәстүрлі оқыту форматына көшіру мәселесі қарастырылуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер