Елден жастарды кетірмеудің амалдары

2547
Adyrna.kz Telegram

Соңғы жылдары елімізден шетел асып кетіп жатқан жастар өте көп. Олардың арасында еліміздің өркендеп дамуына үлкен үлес қоса алатын өршіл және өте талантты жастар мен ғалымдар бар. Жастардың шетелге кетуі неліктен көбейіп кетті?  ҚР БҒМ "ADAL BILIM" жобалық кеңсесінің жетекшісі Талғат НӘРІКБАЕВ таяуда  Қазақстаннан болашағымыз – жастардың елден кетуін қалай тоқтатуға болатыны туралы ақпарат құралдары арқылы мәлімдеген-ді.

Ең басты себеп – шетелде өмір сүру сапасы жоғары және білім беру саласы дамыған. Бұған күн сайын шетелде білім алудың қолжетімді бола түсуін де қосуға болады. Мысалы, Германияның жоғары оқу орындарында тегін білім алудың түрлі жолы қарастырылған. Басқа елдердің де  әртүрлі стипендиялық бағдарламалары бар. Екінші жағынан, Қазақстанда жақсы білім мен жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік бар. Біз мұны шетелде де бәсекеге қабілетті, бүкіл әлем бойынша халықаралық компанияларда табысты жұмыс істейтін өз студенттеріміз бен түлектерімізден білеміз. Мысалы, Қазақстандағы кейбір мықты жеке меншік жоғары оқу орындары мемлекеттік жоғары оқу орындарындағыдай арзан гранттардың массасына ғана үміт арту бұдан былай тиімді болмайтынын түсіне бастады. Мұндай университеттер шетелде білім алған мамандарды тарта отырып, кадр құрамын күшейтуге тырысып келеді. Мысалы, жастардың шетелге кетуін тоқтату мақсатында ҚазМЗУ өз командасына үздік отандық академиялық кадрлар мен халықаралық білім беру саласындағы мықты мамандарды біріктіріп, үздік оқу орындарымен байланыс орнатты. Бүгінгі таңда ҚазМЗУ-да шетелде білім алған  100-ден астам оқытушы сабақ береді. Олар Франция, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, АҚШ, Испания, ҚХР, Сингапур, Кипр, Египет, Үндістан, Австралия, Болгария, Украина, Ресей, Түркия сияқты елдерде білім алған. Олардың жартысына жуығы Болашақ бағдарламасының түлектері. Олар Гарвард, Кэмбридж, Оксфорд секілді беделді жоғары оқу орындарын бітірген. Олардың еркін және шығармашылық ойлауы жоғары академиялық талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ қазір олар өз кезегінде студенттердің ойларын да өзгерте алады. Шетелдік білім беруден басқа, студенттерге оларды өз саласындағы ең жақсы мамандар үйретуі керектігін де түсіну маңызды.

Кәсіби салада мұғалімнің жоғары дәрежесін объективті түрде растайтын әртүрлі беделді сертификаттау стандарттары бар. Біз айтып отырған ҚазМЗУ оқытушыларының басым көпшілігінде TKT, CELTA, DELTA, CFA, ACCA, FRM, SPHRi, CIPD, IPMA, GARP, IABFM халықаралық кәсіби сертификаттары бар. Егер біз сапалы білім беру үшін батыс елдері секілді еліміздегі профессорларға жағдай жасай алсақ, онда зияткер азаматтарымыздың елден кетуін тоқтатып, шетелдік талапкерлерді Қазақстанға тартып, бұл процесті оңтайландыра аламыз.

Фото ашық дереккөзден алынды

Дайындаған Айжан ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ

 

Пікірлер