Қазақстанның белгілі бизнесмені Марғұлан Сейсенбай Қырғыз еліне реформа жасауға көмек беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Сооронбай Жээнбеков кәдімгідей сыйластық сезімімді оятты. Орынды, әрі мәрт әрекет! Қырғыздар елдегі тәртіп пен билікті ұстап қала алды. Берік болыңдар, бауырлар, арандатуға жол бермеңдер! Сіздің елде ақырында тұрақтылық пен тәртіп орнайды деп сенемін.
Сәттілік серік болып, істеріңіз оңынан жүрсін!
⠀
P.S. Ал шетелдік компаниялардың меншігін қайтару керек. Әйтпесе, өз ісін білетін бір де бір инвестор сіздің елге аттап баспасы анық. Тек алдамшылар мен алаяқтар ғана бас сұғатын болады. Жеке меншікке деген құрмет - нарықтық экономиканың және елдің гүлденуінің іргетасы.
⠀
P.P.S.Қырғыз бауырлар, егер сіздерге реформа жүргізу бойынша қандай да бір консультативтік көмек қажет болса, бізге - “Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесіне” жүгінулеріңізге болады. Біз сіздермен Украинадағы өз тәжірибемізбен бөлісіп, жолдарын түсіндіреміз. Маған хабарласуларыңызға болады," - деп жазды инстаграм жазбасында.
Айта кетейік, Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков орнынан кетіп, ел билеу ісі Үкімет басшысы Садыр Жапаровтың қолына көшті. Қазіргі кезде Қырғызстанда қазақстандықтардық байлардың бірнеше бизнес нысандары жұмыс істеп тұр.