Қазақстандағы түрмелерде 30 мың адам отыр - Ешмағамбетов

3086
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігі онлайн брифинг өткізіп, жазасын өтеушілер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазіргі кезде Қазақтандағы түрмелерде 30 мың адам жатыр. Атап айтқанда, 66 колонияда 25 мыңдай қылмыскер, 16 тергеу изоляторында 5 мыңнан астам адам бар. Түрмедегі адамдардың саны жөнінен әлемде 100-ші орындамыз. 18 жыл бұрын АҚШ пен Ресейден кейін кейінгі қатарда тұрдық. Қылмыстық саясатты ізгілендіру жұмысының арқасында соңғы тоғыз жыл ішінде 57 мыңнан 30 мыңға дейін азайды.

Сотталған адамдарды бейімдеу жұмыстары жүргізіліп,  тұрмыстық, құқықтық және  медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі. Түзету мекемелеріндегі орта және кәсіби білім беретін 50 мектептен жыл сайын 2000 мыңдай адам білім алып шығады. Денсаулықтарын қадағалап тұратын 15 медициналық пункт, бір психологиялық және туберкулезге қарсы 3 орталық бар. Барлық адам жыл сайын тексеріліп отырады.

 

 

Жазасын өтеушілер еңбекпен де қамтылып жатыр. Кәсіпорындарда құрылыс материалдарын, ағаш, темір және пластик өнімдерін шығарумен аналысады. Ет, сүт және нан өнімдерімен айналысатындар да бар," - деді  қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

 

Пікірлер