АҚШ елшісі Бораттың фильміне қатысты пікір айтты

2835
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Kazakh TV арнасына берген сұхбатында "Борат" фильмінің сиквелінің шығуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елші фильмнің бірінші бөлігін толық көрмегенін, тек оның үзінділерін көргенін айтты.

"Бұл фильм ғой. Адамдар киноға барады, оны көреді және болды", - деді Бораттың екінші бөлімі туралы Мозер.

Оның айтуынша, АҚШ-та тұратын қазақстандықтар - елдің нағыз өкілдері.

"Адамдардың ел туралы түсінігі және оған бармай-ақ ол туралы не ойлайтыны жеке байланыстардың негізінде қалыптасады. АҚШ-та Қазақстанның талантты өкілдері көп. Өз елін шынымен таныстыратын адамдар фильмнен гөрі әлдеқайда ұзақ есте қалады", - деп толықтырды Мозер.

Еске сала кетейік, "Борат" комедиясының бірінші бөлімі 2006 жылы жарық көрді. Онда автор ойдан шығарылған кейіпкер - қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің бейнесін пайдалана отырып, ешқашан барып көрмеген ел жайлы баяндайды. Фильм әлемде айтарлықтай резонанс тудырды, Қазақстанда ол қатты сынға ұшырады және көрсетуге тыйым салынды.

Картинаның екінші бөлімі  "Борат: порнографиялық маймылдың вице-премьер Микаэль Пенске жақында азайған Қазақстан халқының игілігі үшін берген сыйы" (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make benefit Recently Diminished Nation of Kazakhstan) деп аталады.

Фильмнің премьерасы Amazon Prime Video видеосервисінде 23 қазанда өтеді.

 

Пікірлер