"Зұлмат жылдар қасіреті" онлайн конференциясы өтті

3512
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Қоғамдық Даму басқармасының қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Тарихтан тағылым" жобасы бойынша Алаш және ашаршылық тақырыбына байланысты «Зұлмат жылдар қасіреті» атты онлайн конференция өткізді. Онлайн конференцияда тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Әбжанов ашаршылық зардабымен қатар, зұлмат жылдардағы нақты деректерді атап көрсетті. Ашаршылық кезінде 10-11 жаста болған әкесінің, 40-қа таяп қалған атасының айтқаны әлі де құлағында жаңғырып тұрғанын айтты. Сонымен қатар зұлмат жылдар қасіретін көрген арыстардың ұрпақтарының айтқан естеліктерін жинап, бір ретке келтіруді де ұсынды.

Тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков Ораз Жандосовтың Голощекинге жазған хаты жайындамағлұмат берді. Голощекин аяушылық білдірер деген Ораз Жандосов хатқа халықтың қынадай қырылып жатқанын, жас балалардың аштықтан иттің өлімтігін жеп жүргендігі туралы жазғандығын айтады.

Конференция барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев пікірімен бөлісіп, жиынға байланысты алғысын білдірді. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы Жәңгір хан аграрлық-техникалық университетінің 2-курс студенті Мұхаммед-әлі Қуанышкерейтегі тақырып төңірегінде өз ұсыныстарын айтып, тарихшы ғалымдарға сұрақ қойды.

Конференция соңында "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің президенті Арман Әубәкір қатысқан барша адамдарға алғыс айтты. 2 сағатқа жуық уақытқа созылған конференцияның материалдары, қысқартылған нұсқалары Адырна ұлттық порталының You Tube каналында, Фейсбук парақшасында жарияланатын болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер