Әзірбайжан қорғаныс министрлігі: Армения Қарабахта оқ жаудырды

2986
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Армян қарулы күштерінің Агдам елді мекеніне оқ жаудырғанын мәлімдеді,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Агдам елді мекенінің аумағына Армения қарулы күштерінің тарапынан оқ атылды», - деді Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Таулы Қарабахтағы ұрыс 27 қыркүйекте басталды. 9 қазанда Әзірбайжан мен Арменияның Сыртқы істер министрлері Путиннің шақыруымен Мәскеуге келіп, өзара келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, Ереван мен Баку 10 қазаннан бастап оқ атуды тоқтату туралы келісімге келген еді. Қазіргі таңда Армения мен Әзірбайжан бірін-бірі соғыс қимылдарын бастады деп айыптауда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер