Қырғызстанның жаңа премьер-министрі ІІМ-нің басшысын тағайындады

3130
Adyrna.kz Telegram

Қырғыз үкіметінің жаңа басшысы Садыр Жапаров полиция полковнигі Ұлан Ниязбековты Ішкі істер министрлігінің бастығы етіп тағайындап, оны департаменттің жеке құрамына таныстырды,- деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін Қырғыз Республикасының ішкі істер министрлігінің сайтында  хабарлама жарияланған.

Хабарламада: “Бүгін, 2020 жылдың 11 қазанында, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Садыр Жапаров жаңа Ішкі істер министрі полиция полковнигі Ұлан Ниязбековтің жеке құрамын таныстырды”,- деп айтылған.

Ниязбеков - Қырғыз ұлттық университетінің заң факультетінің түлегі. Ол ішкі істер органдарының құрылымдарына жұмысқа 2008 жылы қаржы полициясынан келген. 2010 жылы министрдің көмекшісі, 2011 жылы министрліктің қаржы-экономикалық жүйесінің басшысы қызметтерін атқарған.

10 қазанда қырғыз парламенті кезектен тыс отырыс өткізіп, Жапаровты жаңа премьер-министр етіп сайлап, жаңа үкіметтің құрамын, құрылымы мен бағдарламасын бекітті.

Фото ашық дереккөзден алынды

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер