Бүгін, 2020 жылдың 06 қазанында бұқаралық ақпарат құралдарында «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясының білім беру қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін Бас лицензиясынан айыру туралы» ҚР БҒМ-нің он күннен кейін күшіне енуі тиіс болатын ақпараттары тарап кетті.
ҚазККА басшылығы студенттерді, оқытушыларды және қоғамды ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің осы ақпаратты жария етіп, көпшілікті адастырған іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы хабардар етеді.
Біріншіден, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларына сәйкес, Академия ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешіміне шағымдануға құқылы және сот органдарымен әкімшілік іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта бұл шешімнің күшіне енуі және елдің жетекші мамандандырылған университеттерінің бірінің білім беру қызметін тоқтату туралы айту мүмкін емес. Оқу процесін ұйымдастыруға қойылған талаптардың уақтысынан кешігіп беріліп отырғанына назар аударамыз. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің хабарламасынан дәйексөз: "Бір жыл ішінде Академияда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, олардың барысында білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, оқу процесі сапалы профессор-оқытушылар құрамымен, өндірістік практика базаларымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің талаптарына толық сәйкес келмейді, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына әсер етеді. "Атамекен" ҚР ҰКП рейтингісінің мәліметтері бойынша Академияның білім беру бағдарламаларының 60% - ға жуығы жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді". ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарламасында "Атамекен" ҰКП рейтингінің деректері бойынша Академияның білім беру бағдарламаларының 60% - ға жуығы жұмыс берушілердің күткеніне сәйкес келмейтіні айқын көрінеді. Бұл шындыққа жанаспайды, оны Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы да растайды.
Қазіргі уақытта ҚазККА мен практика базалары кәсіпорындары арасында 300-ден астам шарт жасалған, олардың ішінде, мысалы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы, "Транстелеком" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ және т. б.
Өткен оқу жылында 1189 түлек ҚазККА жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом алды, оның 71% – ы жұмысқа орналастырылды (!).
Кітапхана қоры сондай-ақ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының шарттарына сәйкес келеді. Оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен 100% пәндер қамтамасыз етілген. Қорда миллионға жуық кітап бар, электронды қор 5000-нан астам атауды құрайды!
2019-2020 оқу жылында М.Тынышпаев атындағы ҚазККА ҚР Білім және ғылым министрлігі және ҚР "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өткізген бакалавриаттың 14 білім беру бағдарламасы бойынша рейтингтен өтті. Рейтинг нәтижелері бойынша біздің білім беру бағдарламаларымыз бакалавриаттың 14 білім беру бағдарламасына сәйкес жетекші орындарға ие болды (!).
Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер барысында біздің жұмысымызда анықталған кемшіліктер орын алды. Алайда, академия аталған кемшіліктерді ағымдағы жылдың ақпан айында жойды, бұл фактіні ҚР БҒМ комиссиясы растады. Комитеттің 2020 жылғы мамыр-маусымда жүргізген тексеру нәтижелері бойынша 2019 жылғы қыркүйек айында анықталған кемшіліктер тіркелген жоқ. Бұл Академияның қызметі Жоғары оқу орындарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетеді.
ҚазККА-да ПОҚ жалпы саны-266. Оның ішінде ғылым докторлары - 20, ғылым кандидаттары - 113, PhD докторлары-15. ПОҚ жалпы санынан дәрежелілік – 56 % құрайды, штаттық ПОҚ санынан - 67% құрайды, бұл біліктілік талаптарына сәйкестікті және академияның жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілгендігін растайды.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген ҚР-2020 жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі бойынша ҚазККА Қазақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингінде 13-ші орында тұр. Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 1-3 орын алады. Үшіншіден, академияда оқымаған студенттердің орнына шетелдік студенттердің ақы төлеп оқығандығы туралы комитеттің ақпараты шындыққа сәйкес келмейді және бір жақты ұсынылған.
Академия бұл дәлелдермен түбегейлі келіспейді, өйткені университет басшылығы мен Академияның барлық қызметкерлері шетелдік студенттерге ақшаны қайтаруға байланысты барлық мәселелерді шешу үшін дер кезінде шаралар қабылдады.
Өзбекстан Республикасындағы академияның бұрынғы өкілдері К.Садирбаева мен М. Урумбетованың алаяқтық сипаттағы әрекеттер жасағаны туралы барлық қолда бар деректер құқық қорғау органдарына жіберілді. Академия шетелдік студенттерді ҚазККА-да оқитын студенттер қатарына қабылдау үшін құжаттар алған жоқ. Тексеру барысында анықталған жалған құжаттар туралы фактілер тиісті құқық қорғау органдарына берілді. М.Үрімбетованың да, Қ. Сәдірбаеваның да студенттерді академияға қабылдау үшін қол қою құзыреті де, құқығы да жоқ
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, мәлімдейміз: ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің аталған кемшіліктері бір жыл бұрын анықталған және іс жүзінде барлық ескертулер ескеріліп, кемшіліктер түзетілген. Барлық кемшіліктерді толығымен жою үшін мұқият және қиын жұмыстар жүргізілді, алайда бүкіл адаматтың еркінен тыс пайда болған планетадағы пандемия жағдайында оқу процесінің Қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты толыққанды оқу процесін шешуге мүмкіндік бермеді. Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан бастап енгізілген карантин кезінде ҚазККА оқуын жалғастыру үшін барлық күш-жігерін жұмсады, сонымен қатар академия басшылығы мүмкіндігіне қарай қалалық билікке карантин кезінде түрлі ведомстволардың қызметкерлеріне жатақханалар беруге көмек көрсетті.
Біз барлық жауапкершілікпен мәлімдейміз, аталған шағымдардың көпшілігінде ешқандай негіз жоқ және еркімізден тыс бір сұрақ туындайды: Комитет шешімінің артында жеке бір университеттегі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат ететін үшінші күштер тұр ма?
2020 жылы 07 қазанда Қазақ көлік және коммуникация академиясында баспасөз конференциясы өтеді, оның барысында қалыптасқан жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып береміз және қоғам мен жұртшылықты ҚР БҒМ жіберіп отырған жаңылысы туралы хабардар етеміз.
ҚазККА баспасөз қызметі