Шымкенттің жасыл аймағы 13 мың гектарға ұлғайтылады

1823
Adyrna.kz Telegram

Шымкент жыл санап жасыл желекті қалаға айналып келеді. Мегаполисте жасыл аймақтың аумағы алдағы бес жылда 13 000 гектарға ұлғаяды.

«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарын әзірлеген. Жоспарға сәйкес, 2021 жылы жаңадан 500 гектар жерге 620 000 түп ағаш көшеті отырғызылады.

Биыл 800 мыңға жуық ағаш егу жоспарланған болса, көктемде соның 72 мың түбі отырғызылған. Ал, күзде 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі.
Сонымен қатар, биыл 8 айда 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүлдер мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон және 159 700 түп лигуструм егілген.

Жасыл аймаққа егілетін ағаш көшеттерін әзірлеу мақсатында қалада 8 гектарлық тұқымбақ ұйымдастырылды. Қазіргі таңда тұқымбақтың 1 гектар жері толық суғарылып, 300 келі емен тұқымы және 100 дана бұта тәріздес легустра ағашының қаламшалары отырғызылуда. Жалпы, тұқымбаққа алдағы уақытта әр түрлі ағаштардың 3 195 тонна тұқымын себу, бұта және ағаш көшеттерінің 65 000 дана қаламшаларын егу жоспарлануда.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер