Қазіргі таңда қала аумағында қоқыс тастайтын 490 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Алайда олардың көбінің тозығы жеткен. Осы мақсатта қала әкімі Мұрат Әйтенов қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын.
Осыған орай, бүгінде Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылуда. Жалпы осы жылы 1376 контейнер сатып алынбақ. Қазір олардың 376-сы сатып алынып, 240-ы орнатылды. Бұл жұмыстар қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыруда маңызды рөлге ие.
Жаңа қоқыс контейнерлерінің арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайтынымен ыңғайлы.
Осы орайда, қала тұрғындарына көмек көрсететін «iKomek» жедел қызмет ету орталығы ашылған. Орталық мамандары тәулік бойы тұрғындардың қоңырауларына жауап береді. «109» бірыңғай телефон нөміріне бір ай көлемінде 14 000-ға жуық қоңырау келіп түсіп, олардың 96 пайызы қанағаттандырылған.
Кез келген сауалға 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап алуға болады.
Сонымен қатар iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөмірі де тұрғын үшін тәулік бойына қызмет етеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі