Шымкенттің “Стандарт” футбол командасы әуесқойлар арасынжа Қазақстан чемпионы атанды

1709
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттің «Стандарт» командасы футболдан әуесқойлар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

Чемпионат 18-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Оған 35 жасқа дейінгі жас категориясында 32 команда қатысып, 8 топқа бөлініп бақ сынады.

І тобында Сәтпаев қаласының «LFC JB - SATPAYEV», Қарағандының «ТЧЭ-14» және Жаңаөзеннің «Арлан» командаларынан басым түскен шымкенттік аяқдопшылар 1/8 финалда Қарағандының «Прогресс» командасын жеңді.
Ал, ширек финалда Ақтау қаласынан келген «Атриум Геолог» командасын 1-0 есебімен жеңген жерлестеріміз жартылай финалда Қарағандының «К-MED» командасын ұтты. Есеп — 4-2.

Финалдық кездесу Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» сауда үйі» командасы мен шымкенттік «Стандарт» командасының арасында өтті. Тартысты өткен матчтың негізгі уақыты 5-5 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясында шымкенттік футболшылар 3-2 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.

Осымен 8 рет ұйымдастырылған чемпионат жеңімпазы Шымкенттің «Стандарт» командасы енді Украинада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер