Праймериз қатысушысы Мемлекеттік тіл туралы заңды менсінбейді (Видео)

6404
Adyrna.kz Telegram

Кеше ғана Павлодар облысының Екібастұз қаласы жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Марал Қарагесекованың праймериз дебатында "мемлекеттік тіліміз екеу" деп айтқан сөзі желі қолданушылары мен белсенді азаматтардың ашуын тудырған еді. "Адырна" ұлттық порталы ел ішіне іріткі салар мұндай істердің көбейе беруі қоғамға орнықсыздық әкелетінін ескере отырып, кеше жарияланған ақпараттың растығын дәлелдейтін видеоны да жариялауды жөн көрді.

"Мемлекеттік мекемеде екі тіл қатар жүреді, білмесеңіз, біліп алыңыз" Есенбек Санатұлы атты желі қолданушысы: "Мемлекеттік мекемеде қызмет ететін басшының осындай сауатсыз болуы таңқаларлық жағдай. Заңды білмейтін шенеунік қызметінен кетсін. Нұр Отан, Екібастұз әкімдігі қайда қарап отыр? Әлде оларда Қазақстанда екі мемлекеттік тіл бар деп есептей ме? Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы басшысының құлағына дәу алтын сырға", "Онымен қоймай саяси сауатсыз шенеунік праймеризге қатысып жатыр дей ме? Жетіскен екенбіз" деп пікір қалдырыпты.

Сонымен қатар, желі бетінде желдей ескен наразы пікірлер тізбегі төмендегідей:

Ардақ Жұмағалиева: "Нұр Отан" партиясының жетекшісі Макраев Нияз Құдайбергенұлы мырза Марал ханымға "ТОҚТАТ!" деп дер кезінде қолымен ишара жасап тоқтатпағанда қаншаға шабатынын кім білген?! Абзал болғанда тез тұсау салды. Кірерге тесік таппадық.

Жанаргүл Қадырова: Екібастұз қаласы жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Марал Қарагесекованың праймериз дебатында мемлекеттік тіліміз екеу деп айтқанын естіп, үндемей отыра алмадым. Мұны бірқатар тіл жанашырлары растады. Әлеуметтік желіде пікір білдірген Марал сияқты қызметкерлердің достарының "Мемлекеттік мекемеде екі тіл қатар жүреді, білмесеңіз, біліп алыңыз" деп дікіңдеуінен мен көптеген сауатсыз жастардың мемлекеттік тіл мәртебесін екі тілдің қолданылу мүмкіндігімен шатастырып жүргенін ұқтым. Бұл - тілімізге төнген қара бұлт! Заңды дұрыс білмейтіндерді мемлекеттік мекемеден аластату керек!

Bauyrzhan Serikbayev: Міне, праймериздің пайдасы да тиді.
Еркежан күнтуғанқызы: Осы Екібастұз жеке бір әлем! Соңғы 6 ай шудан шу бұл жақта! Біраз орталықтан адам жіберіп, жөнге салу керек-ақ екен...
Арман Қоянбаев: Мемлекеттік тілді меңгермеген адам мемлекеттік қызмет етуге жарамсыз деп танылып, тіл үйреніп келуіне мүмкіндік беру керек!
Ардақ Жұмағалиева: “Нұр Отан” партиясының жетекшісі Макраев Нияз Құдайбергенұлы мырза Марал ханымға “Тоқтат” деп дер кезінде қолымен ишара жасап тоқтатпағанда қаншаға шабатынын кім білген?! Абзал болғанда тез тұсау салды. Кірерге тесік таппадық.
Серік Бақат: Мемлекеттік қызметкерлер арасында қысқарту болады деп еді. Мынау әдемі вариант екен.
Мұхаметқали Зарықұлы: Бұл нағыз сауатсыз адам екен, мұндай орынға қалай келді екен? Қазақтың тілін силамаса мұндай кқргенсіздерге мемлекеттік мекеменің төрін қойып босағасынан сығалатпау керек! Жазалансын орнын босатсын!
Пікірлер