Тоқал алу — еріккеннің ермегі

3944
Adyrna.kz Telegram

Қазақ қоғамында тоқал тақырыбы толастаған емес. Соңғы уақытта күйеуіне екінші әйел алып беруге білек сыбана кіріскен бәйбішелер де көбейіп барады. Осыған байланысты ер азаматтың пікірі, көзқарасы қандай? Еркектің тоқал алуын қоштайтын әйелдер турасында Facebook желісінің белсенді қолданушысы Тортуыл ШОҚАН төмендегідей жазба қалдырыпты.  

Жә, ер адамның тоқал алуына қарсы емес әйелдер — өзі белгілі белгісіз себептермен күйеуінен ажыраған әйелдер!

Басқаның байын бөлісудің басты себебі—қызғаныш. Кейінгісі—баршылықта өмір сүруге талпыныс деуге болар.

Өз күйеуі «тірі» әйелдердің байын басқамен бөлісетіндері— мыңнан біреу ғана!

Тоқал алу—баланың жүрегін жаралау!

Психикасы бұзылған баланың не жанұясына, не қоғамға тигізер пайдасы болама? Меніңше, болмас..

Ағабуынның алған тоқалдары—кіл жастар!

Баласы көп, не кемтар жанды ешкім де керек қылып отырған жоқ.

Тоқал алу—еріккен байдың ермегі!

Оған құрандағы «бірдей қарасаң төрт әйел ал, болмаса саған біреуі де қайырлы.. » деген екіұшты рұқсат қағиданы қосыңыз.

Мысалы, менің үш балам мен бір әйеліме кететін бір айлық шығынды қарайық.

ЖОО жаңа тәмәмдаған үлкен қыз өз шығынын өзі жабады, жұмысы бар.

Мектеп жасындағы екі балаға айына 100 мың қаражат керек!

Әйелімнің өзіне жұмсайтын шығыны соның жартысы десек, тамақ пен пәтер ақысы (квартплата) 100 мың..

Қош, жиыны бір айлық шығын 300 мыңға жуықтайды екен.

Енді осыны қосымша 3/4 әйел жанұясы шығынына көбейтіңіз.

1 млн-нан асқан шығынды қайдан табасың?

Әрине, халыққа қызмет көрсетуің керек болған қызметіңді пайдаланып алған параң мен, заңсыз жинаған ақшаңды саласың..

Әр іс те соңғы нәтиже, конечный результат деген болуы керек!

Жә, тоқал алудағы басты мақсат —көп бала туғызу, оны қоғамның белді мүшесі ету, солай ма? Бірінші күннен параға баққан балаң мен, оларды күндестікпен тәрбиелеген қалған қатындарың оңбас..

Осының бәрін алып тастасаң тыя алмаған «жалаңбұт» нәпсің ғана қалмай ма?

Демек, әу баста басталған тоқал алу мақсатың нәпсіңе ие болмау, қара басыңның қамы емес пе?

Баяғы, адам шығыны оның ішінде еркек шығыны көп соғыстар заманы кезінде қалыптасқан тоқал алу қағидасын қазіргі қоғамда қолдану тек нәпсіқұмарлықтан!

Енді мұны заңмен шектеуі керек депутаттар мен министр, президент көмекшілері қос-қостан қатын алып отырса, назыңды кімге айтасың?

ҚР —зайырлы мемлекет!

Тоқал алуға заң рұқсат бермейді!

Осы заңды бұзатын «балықтар» басынан шіріп, тұнығыңды лайлап жүр емес пе…⠀

Пікірлер