Екібастұздық блогер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1 бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасады деп күдіктелген 40 жастағы ер адам ұсталып, Екібастұз қаласының уақытша тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары тергеудің құпиялылығына айта отыра, басқа мәліметтер келтірмеген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан бап бойынша 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал әлеуметтік желілерде күдіктінің әпкесі ағасы қылмыс жасамағанын айтып, көпшіліктен сұраған.
"Сараптама қыздың пәк екенін көрсетті. Екі сараптама өтті", - дейді әйел.
Айтуынша, полиция тарапынан қысым көрсетіліп жатыр. Ал ағасының үш кәмелетке толмаған қыздары бар, тіпті жақында ол педофилді ұстаған, дейді әйел.