2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 212035 теңгені құрады,- деп хабарлайды Статистика комитеті.
Ең жоғарғы атаулы жалақы алатын мамандар тізімі:
тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 443,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты);
қаржы және сақтандыру қызметінде – 386,8мың теңге (1,8 есеге асты);
кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326мың теңге (1,5 есеге асты);
ақпарат және байланыс саласында – 273,2 мың теңге (1,3 есеге асты);
көлік және жинақтау саласында– 233,6 мың теңге (1,1 есеге асты).
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді –127,3мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40% %-ға төмен.
Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа жалақы Атырау облысында – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге артық. Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында — 159,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9%-ға төмен.
"Адырна" ұлттық порталы