Қазақстанда екінші тоқсанда мектептер ашыла ма: Денсаулық сақтау министрі жауап берді

2663
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық оқушылардың дәстүрлі білім беру форматына қайта оралуы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бірнеше апта өткеннен кейін, балалар арасындағы аурудың таралуына қарай екінші тоқсанда оқудың қандай форматта болатынын анықтайтын боламыз. Нәтижелерді комиссияға табыстаймыз. Бір күндік ауру жұқтыру деңгейіне қарай шешім шығарылады", - дейді Цой.
Балалардың жас ерекшеліктерін және олардың ата-аналарының өтініштерін ескере отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істей бастады.

Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп өз жұмысын бастады. Оның 3 мыңға жуығы дәстүрлі режимде жұмыс істейді. Бұл негізінен ауыл мектептері.
Дәстүрлі форматта 800 мыңға жуық бала оқиды, оның 250 мыңы шағын жинақты мектептерде білім алуда. 2.6 миллионға жуық оқушы мектептердің өздері таңдаған отандық білім беру платформаларын қолдана отырып қашықтықтан білім алады.

Пікірлер