Порошенконың командасы Зеленскийді құлатуға дайындалуда

2182
Adyrna.kz Telegram

«Украинада президент Владимир Зеленскийді күштеп құлату процесі басталды, бұл бағытта оның алдындағы Петр Порошенконың командасы жұмыс істеуде», - деді Рада депутаты Ренат Кузьмин. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ күш құрылымдарында, соның ішінде армияда, қазіргі президентке наразы және өздеріне ыңғайлы уақытта мемлекеттік төңкеріске қосылуға дайын адамдардың едәуір үлкен тобы бар», - деп мәлімдеген депутат Zik телеарнасында.

Кузьминнің пікірінше, бұл адамдар билікті басып алуға негіз таппай отыр, депутат «олар өз әрекеттерін заңдастырар еді» деп санайды. Порошенко командасы төңкеріс жасау үшін барлық қажетті жағдайларды жасап жатыр, ­- дейді саясаткер.

Ол экс-президенттің фракциясы жақын арада қазіргі үкіметтің әрекеттерін тексеру үшін тергеу комиссиясын құруға «жалған қол жинауды» ұйымдастырады және сәтсіздікке ұшырағаннан кейін қазіргі парламентті қабілетсіз деп айыптап, адамдарды көшеге шақырады деп болжам айтып отыр.

Кузьминнің айтуынша, мұндай оқиғалардың дамуы украин қоғамындағы билікті қарулы жолмен құлатуға дайын топтары үшін қажетті сылтауға айналуы бек мүмкін.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер