60 жастағы қазақстандық Азия ойындарында жүлделі болды

289
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mp4AF0VxwSIBPRekf7wqUVHwYmlMVO8w3mfEA2PM.webp

Қазақстанның паражүзуден ұлттық құрамасы Азия Пара ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Паралимпиадалық комитет дерегінше, команда сапында 60 жастағы танымал спортшы Зүлфия Габидуллина бар.

Қазақстандық спортшылар еркін стильдегі 4×50 метрлік аралас эстафетада бақ сынады. Құрама сапында Наталья Звягинцева, Айсұлтан Күлкеев, Сиязбек Дәлиев және Зүлфия Габидуллина болды. Олар қашықтықты 2 минут 48,99 секундта жүзіп өтіп, екінші орынға ие болды.

Алтын медальді 2 минут 25,22 секунд нәтижесін көрсеткен Қытай құрамасы жеңіп алды. Филиппин спортшылары 2 минут 54,64 секунд нәтижесімен қола жүлдегер атанды.

Зүлфия Габидуллина 1990 жылы спортпен шұғылдана бастаған. Ол — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының жеті дүркін жүлдегері. Спортшы 2013 жылы Монреальда өткен әлем чемпионатында екі қола және бір күміс медаль, 2014 жылы Глазгода екі қола жүлде иеленді. Ал 2017 жылы Мехикода өткен әлем чемпионатында алтын және күміс медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Зүлфия Габидуллина Джакартада өткен Азия Пара ойындарында төрт медальға қол жеткізген. Оның еншісінде 200 метрге еркін жүзуден қола, 50 метрге шалқалап жүзуден және 50 метрге еркін жүзуден екі күміс, сондай-ақ 100 метрге еркін жүзуден алтын медаль бар.

Пікірлер