Әлемдегі таңғажайып өзен-көлдердің сыры

4741
Adyrna.kz Telegram

Әлемде талай қызық бар. Ендеше әлемдегі таңғажайып өзен-көлдерге онлайн саяхат жасап көрейік...

1. Келимуту жанартауындағы көлдер, Индонезия

Келимуту – Индонезияның Флорес аралының орталығында орналасқан ұлттық парк аумағындағы әйгілі жанартау. Келимуту жанартауы 1968 жылы соңғы рет оянған. Биіктігі 1639 метр болатын жанартаудың жоғарғы жағында нағыз табиғи ғажайып – түрлі түсті үш кратер көлі бар. Келимутудың соңғы атқылауы кезінде ұсақ ойпаттар пайда болған. Уақыт өте келе атмосфералық жауын-шашынның әсерінен осындай таңғажайып көріністі байқап отырмыз. Бір-біріне жақын орналасқан ерекше тоғандар мезгіл сайын көгілдір түстен жасыл, қызыл, қоңыр немесе қараға дейін өзгеріп отырады.

                                                      

2. Таңертеңгілік Даңқ көлі

Таңертеңгілік Даңқ көлі – АҚШ-тағы Йеллоустон саябағындағы геотермалды бұлақ. Бұл атау өзінің пішініне байланысты 1883 жылы қойылған. Мұндай атауды саябақтың бас күзетшісінің көмекшісі Чарльз Макгоуэннің әйелі қойған. Оның әйелі көлдің АҚШ-тағы "таңертеңгілік даңқ" немесе "таңертеңгі жарық" деп аталатын вьюнк гүліне ұқсастығын атап өткен. 1889 жылдан бастап бұл атауды саябақтың қызметшілері мен келушілері күнделікті өмірде қолдана бастады.
Табиғи түстердің мұндай үйлесімділігі жиі кездесе бермейді. Бір кездері бұлақтағы су ашық түсті болған. Бірақ уақыт өте келе көптеген туристер оны монеталармен және басқа да қоқыстармен жауып тастады. Бұлай ету оларға бақыт әкеледі деп ойлайды. Алайда мұндай сенімнің нәтижесі судың біркелкі жылынбауына әкелді. Сонымен қатар гейзердің шетіне сары түс беретін микроорганизмдер де пайда болған.

                                                        

3. Плитвиц көлдері

Хорватияда орналасқан Плитвиц көлдері – бір-бірімен сарқырамалар арқылы байланысқан көк-жасыл түсті 16 көл. Олардың барлығы бір-бірімен табиғаттың өзі жасаған бөгеттермен бөлінген. Олардың ішіндегі ең биігі – 70 метр. Бұл жерлердің қонақтары үшін үш жайлы қонақ үй салынған және арнайы экскурсиялар өткізіледі. Біраз уақыт демалатын келушілер бұл жерлерде шатырда тұра алады. Плитвиц көлдерінің керемет сұлулығын тамашалап, туристік маршруттар мен жаяу жолдармен бірнеше сағат жүре де аласыз.

                                                                                         4. Хиллер Көлі, Австралия

Көл эвкалипт ағаштары орналасқан орманмен қоршалған, ал мұхиттан оны жердің тар жолағы бөліп жатыр. Бірақ, көлдің басты ерекшелігі – қызғылттығында. Судың мұндай ерекше түсінің пайда болу себебі әлі де анықталмаған. Мұның себебі балдырлармен байланысты деп болжанғанымен, алайда ол дәлелденген жоқ. Есесіне бұл жөнінде мынадай әдемі аңыз бар. Жараланған, бірақ апаттан тірі қалған теңізші елсіз аралға тап болады. Жарақаттанып әрі аштықтан зардап шеккен ол аспанға қарап жалбарынып, мына азаптан құтқаруын сұрады. Құмыраға сүт пен қан құйып әкеле жатқан адам орманнан шыққанша ол жалынуын доғармады. Орманнан шыққан бейтаныс адам оларды көлге құйып, қызғылт түске бояйды. Теңізші қызғылт суға батып, ауырсыну мен аштықтан құтылды. Мәңгі...

 5. Лох Несс Көлі, Ұлыбритания

Лох Несс – Шотландияның таулы жерлеріндегі терең көл, аңыз бойынша мұнда сиқыршы тұрған. Тарихи деректер бойынша ол кесірткеге ұқсайтын болған. Куәгерлердің бірі оны былай сипаттады: ұзындығы 40 фут, 4 фин, денесі кішкентай түйнектермен созылған. Лох Несс құбыжығын көрген адамдар өте көп. Осымен байланысты үш мыңдай оқиға тіркелген. Тіпті, сурет және бейнебаяндар да бар. Алайда негізі мәселенің бірі, көлде қазіргі уақытта бұл құбыжық мекен ете ме, жоқ па деген сұрақтың туындауы болып тұр.

"Әлем ғажайыптары" тобынан жинақтап, аударған Жансая Сман,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер