Шетелде оқыған 2 мыңнан астам студент отандық жоғары оқу орындарына ауысты деп хабарлайды «Адырна» Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР БҒМ бұған дейін шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттерге отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесті. Студентерге құжаттарды рәсімдеу барысында жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жеңілдетілген формат ұсынылды.
Шетелдік жоғары оқу орындарының басым бөлігі қазақстандық жоо-лар сияқты оқу жылын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып бастады. Алайда, кейбір шетелдік жоо-лар өз студенттеріне қашықтан оқытуды жалғастыру үшін платформалар ұсына алмады.
Тамыз айының басында БҒМ оқуын жалғастыру үшін өзіне байланысты емес себептер бойынша елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсете бастады. Алдын ала қабылданған шешімдердің арқасында 2 мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында арнайы жедел желі іске қосылып, құжаттарды қабылдау процедурасы жеңілдетілді.
«Адырна» ұлттық порталы