Қазақстанда өткен тәулікте 68 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды.
Өңірлер бойынша мәлімет:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3,
Алматы қаласы – 8,
Шымкент қаласы – 1,
Ақмола облысы – 3,
Ақтөбе облысы – 1,
Алматы облысы – 7,
Атырау облысы – 6,
Шығыс Қазақстан облысы – 18,
Батыс Қазақстан облысы – 3,
Қарағанды облысы – 7,
Қостанай облысы – 2,
Павлодар облысы – 2,
Солтүстік Қазақстан облысы – 4,
Түркістан облысы – 3.
Қазіргі уақытта 4 550 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың арасында 32 бала бар. Өткен тәулікте 109 адам жазылып шықты.
130 адамның жағдайы ауыр, 26-сы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106 729 адамға жетті, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Sputniknews.kz