Дартмут колледжі мен Ұлттық Экономикалық зерттеулер бюросының (АҚШ) ғалымдары адам өміріндегі ең бақытсыз кезең қай жаста болатынын анықтады. Зерттеу материалы бар құжат бюро сайтында орналастырылған.
Мамандар 132 елдің деректерін зерттеп көреді. Әртүрлі жастағы адамдардан өз өміріне қаншалықты қанағаттанатынын сұрайды. Нәтижесінде, адам өміріндегі ең бақытты кезең 18-20 жас екендігі белгілі болып, содан кейін жағдай нашарлап, шамамен 47-48 жаста ушыға түсетінін анықтайды. Дамыған елдердің тұрғындарында дағдарыс 47 жаста, дамушы елдерде – 48 жаста, ал Ресейде, Қытайда және Мексикада – 43 жаста басталатыны көрсетілген. Бұл жағдай 60 жасқа дейін созылып, содан кейін көтерілу басталады және 70 жасында адамдар өмірді қимай, ләззат ала бастайды.
Зерттеушілер бұл сыртқы факторларға емес, ағзадағы биохимиялық процестерге және гормондардың деңгейіне байланысты екенін атап өткен.
Фото ашық дереккөзден алынды
«Адырна» ұлттық порталы