Ресей Беларусь күйін кеше ме?

4150
Adyrna.kz Telegram

«Халықтың наразылығы басталатын келесі ел – Ресей. Қазір Беларусь елінде болып жатқан саяси текетірес алдағы уақытта Ресейде кең көлемде көрініс табады. Путин екі оттың ортасында қалады». Бұл туралы  The Hill саяси басылымына берген сараптамасында Вашингтондағы  еуропалық саясат орталығының сарапшысы Януш Бугайски мәлім етті.   

АҚШ сарапшысы бүгінде Ақ үй Александр Лукашенконың  позициясын қолдап отырмағанын айтты.

Белоруссиядағы сайлаудың нәтижесі мүлде бұрмаланған. Егер бұл текетірес осылай жалғаса  беретін болса, Белоруссия басқаруға көнбейтін мемлекетке айналады. Халық бейбіт жағдайда саяси талаптар қойғанымен, билік аяусыз күш қолданып жатыр. Жараланғандар көп, қайтыс болғандар бар. Ал Лукашенко шектен шықты. Бірақ оның биліктен кетер күні таяу. Елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін бұл берекесіздікке ресми Мәскеу араласуы мүмкін. Сценарий осылай өрбитін болса, онда Мәскеу ресейшіл тұлғаны алып келуге тырысады, дейді АҚШ сарапшысы Януш Бугайски.

АҚШ-тағы алдағы президенттік сайлауға демократтар атынан сынға түсіп жатқан Джо Байден «26 жыл бойы елде авторитарлық режим құрған Александр Лукашенко халықтың талабын тыңдауы тиіс, - деп отыр. Егер ол АҚШ-тың президенті болса, Лукашенконы билікте қалдыра алмайтынын мәлім етті.

Ал АҚШ сарапшысы Януш Бугайскидің айтуынша, қазіргі уақытта Ресейдің құрылымдық күштері халықтың наразылығын болдырмау, алдын алу және олардың бір жерге жиналуына бөгет болатын әртүрлі амалдарды қарастырып, тіпті Гонконг пен Минск тәжірибелерін таразыға салып жатқан көрінеді.

Еркін Қалдан,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер