Адырна күнтізбесі: 4 тамыз - АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың туған күні

2823
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі санымызда Барак Обаманың 8 жылдық президенттік кезінен фактілер ұсынамыз: стендаптар және БАҚ-қа жаңа көзқарас

1-факт. Алғашқы афроамерикандық президент

Барак Обама - Америка Құрама Штаттары тарихындағы алғашқы қара нәсілді президент. Бір қызығы, Обама мулат, бірақ көптеген афроамерикандықтардан айырмашылығы, ол құлдардың ұрпағы емес. Оның әкесі - кениялық, Луо халқы дәрігерінің ұлы, ал анасы - ақ американдық және алғашқы қоныс аударушылардың ұрпағы. Барак Обаманың ата-анасы үш жасында ажырасқан. Обама, сонымен қатар, университеттік Harvard Law Reviewбасылымының тарихындағы алғашқы афро-американдық редактор болды.

Ол Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде алғаш қызметке кіріскен кезде таптық және ұлтаралық араздықты тоқтата алатын қара нәсілді лидер болып көрінген еді. Бірақ соңғы жылдардағы оқиғалар (афроамерикандықтардың «ақ» полицейлерді өлтіргендігі туралы) бұл үміттердің бекер екенін көрсетті. Associated Pressагенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та Барак Обаманың президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін діни және нәсілдік қозғалыстар саны көбейген.

2-факт. Рекорд жасаушы

2007 жылдың бірінші жартысында Обаманың сайлау науқаны кезінде 58 миллион доллар жинады. Бұл сома сайлауға дейінгі күнтізбелік жылдың алғашқы алты айында президенттік науқанға қаражат жинау бойынша рекорд орнатты.

2008 жылдың қаңтарында науқан 36,8 миллион доллар жинап, тағы бір рекорд орнатты. CNN-нің  хабарлауынша, 2009 жылдан бастап Барак Обаманың инаугурациясы мен ұлықтау салтанаттарының құны АҚШ тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш (шамамен 160 миллион доллар). The New York Times газетінің хабарлауынша, екінші сайлау жарыстарында Обама рекордтық $ 934 миллионын жинай алды, ал сайлау науқанының штабын ұстауға 200 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды.

Сонымен қатар, Обама  2012 жылы АҚШ президенттігіне сайлау науқанындағы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартқан алғашқы және жалғыз үміткер. 2008 жылғы келген сайлаушылардың саны да рекорд көрсетті (64%). Инаугурация салтанатына бұрын соңды болмаған миллионнан астам адам жиналды.

3-факт. «Обамамания»

Обаманың жеңісі әлемнің бірқатар елдерінде эйфорияны тудырды. Бұл құбылыс «обамамания» деп аталды, оның белгілері сайлау науқаны кезінде пайда болды. Кения мен Африка және Таяу Шығыстың кейбір елдері оған қатты әсер етті.

Бір қызығы, Caloplaca obamae, Paragordius obamai, Etheostoma obama балығы мен Aptostichus barackobamai өрмекшісі сынды өнімдер шығарыла бастаған.

4-факт. Аборт жайында

Обама жасанды түсік жасатуға, оның ішінде мерзімі жақындағанда аборт жасатуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Обама сонымен бірге жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын-алу және жыныстық сауаттылықты арттыру бағдарламаларын жасауға атсалысты.

5-факт. Либералды

1996 жылдан бастап Барак Обама АҚШ-тағы бір жынысты некені заңдастырудың жақтаушысы болды. 1990 жылдарда мұндай неке әлемдегі ешбір елде болмаған еді, дегенмен бір жынысты азаматтық некелер аз мөлшерде тіркелген болатын. Обама студенттік шақтарында Мишельге үйленбестен бұрын бір жігітпен әуейі болған деген қауесеттер де кездеседі.

6-факт. Америкалықтар Барак Обаманы сайлауалды көп уәделер мен нәтиженің жоқтығына байланысты Ақ үйдің негізсіз басшысы деп есептейді. Ирак жерінен америкалық әскерилерді шығаруға байланысты уәделерінде сәйкессіздік бар.

7-факт. Шығармашыл тұлға

Барак Обама тек саясаткер ғана емес, сонымен бірге өте дарынды жазушы. Бүгінгі таңда оның үш кітабы жарық көрді.

Біріншісі - «Әкемнің арманы» өмірбаяны, онда ол өзінің балалық шағы туралы баяндайды және жастық шағында біраз моральдық құлдырауға ұшырап, спирттік ішімдікпен әуестеніп, кокаин мен темекі шегіп, марихуана қабылдағанын, бірақ уақытында тоқтап, жоғары білім алып, саясатта да үлкен жетістікке қол жеткізгенін айтады.  2006 жылы бірінші кітабының аудио нұсқасы Grammy сыйлығын жеңіп алған.

Екіншісі - «Үміт батылдығы» саяси тұжырымдар кітабы. Обаманың екі кітабы да бестселлерге айналды. Обама үшінші кітабын әйелі және қыздарымен бірігіп жазды. «Сен туралы ән айтамын: менің қыздарыма жолдау» кітабы балалар аудиториясына арналған.

Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарының 44-ші Президенті екі Grammy мүсінімен мақтанады. 2006 және 2008 жылдары бұл мүсіндер оған ораторлық өнері үшін  табысталған.

8-факт. Қарапайым

Барак Обама ешқашан өз мансабын пайдаланып мақтангершілікке салынбаған адам. Қарапайым тазалықшы кісілермен де үнемі сәлемдесіп жүретін.

9-факт. Медиа-революцияшыл

Обама әлеуметтік желі арқылы сайлауда жеңіске жеткен АҚШ-тың алғашқы президенті болды. Ол мемлекет басшысының интернет-медиамен жұмыс істеуі туралы дүниежүзілік көзқарасты түбегейлі өзгертті. Обама төңкеріс жасап, әлемдегі саясаткерлер қазір ұстануға тырысатын ойынның жаңа ережелерін орнатты. 2015 жылы президент үш танымал YouTube блоггерімен сөйлесіп, оларды Ақ үйге экскурсияға шақырып, жұмыс күнінен уақыт бөлді. Бұл журналистермен өткізетін дәстүрлі сұхбаттың орнына жаңа бір серпіліс әкелді.

2008 жылы президенттік науқан кезінде Обама өзінің қоғамдық белсенділігін арттыру үшін Facebook пен Twitter-де жиі көріне бастады. Сонымен қатар barackobama.com веб-сайты іске қосылды, ол кандидаттың интернеттегі тұрақты көрінісі ғана емес, сонымен бірге болашақ ұлт көшбасшысының барлық жақтаушылары үшін әлеуметтік желідегі өзіндік аналогы болды. Көптеген сарапшылардың пікірінше, мұндай интернеттегі белсенділік Обаманың сайлауда жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар, жаңа президент жастар аудиториясын өз жағына тарту үшін әзіл-оспақ кештеріне үнемі қатысатын. Обама Америкадағы жастар арасында кеңінен танымал болған «Late Night Show» бағдарламасына шыққан АҚШ-тың алғашқы президенті болды. Американдық президенттер Обамаға дейін де мұндай шоуларға қатысатын, бірақ тек кандидат кезінде ғана.

Обама президент болғаннан кейін 1 жыл өткен соң, алғаш рет 2009 жылы Tonight Show with Jay Leno бағдарламасына қатысты. Кейіннен бұл кеш шоу тарихындағы ең сәтті шығарылым болды.

Обама президенттік кезінде «Late Night Show»-ға 14 рет қатысты және президенттің әр эпизоды YouTube-та бірнеше миллион қаралым жинаған.

Оның әйелі Мишель Обама да кешкі шоуларға белсенді қатысып, күйеуінің рейтингін көтеруге атсалысты. Мысалы, кезекті шоу бағдарламада Джимми Фаллонмен билеуі сәтті шықты.

10-факт. Әзілқой президент

Алдыңғы факт бойынша, Барак Обаманың тамаша әзілқой екенін болжау қиын емес. Обама қалай күлдіруді біледі.

Оның қоштасу сөзінің өзі қандай! 20 минуттық стэндаптың соңында ол «Обама кетіп бара жатыр» деп микрофонды жерге тастай салды. Иә, әдемі кете білу де өнер.

Мұның бәрі Обаманы «халыққа жақын» қылды. Ол Америка халқының есінде хаттамадағы шенеунік қана емес, қарапайым адам ретінде сақталды.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер