NASA ғарышкерлері жерге аман-есен оралды

6280
Adyrna.kz Telegram

NASA ғарышкерлері Дуглас Херли мен Роберт Бенкен(фото NASA-ныкі)

Ғарыш станциясына алғаш рет комерциялық экипажбен ұшқан NASA ғарышкерлері аман-есен оралды, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы NASA-ға сілтеме жасап.

Жексенбі күні NASA-ның екі ғарышкеріалғашқы индустриалды түрде құрылған және эксплуатацияланған америкалық ғарыш кемесімен адамзаттың ғарышқа ұшуының жаңа дәуірін бастайтын сынақты аяқтап, Халықаралық ғарыш станциясынан шығып, Мексика шығанағына қонды.

SpaceX-тің Crew Dragon экипажы Флорида штаты Мексика шығанағы Пенсакола жағалауына АҚШ шығыс жағалауының уақыты бойынша 2   тамыз күні күндіз 2:48-де (Нұр-Сұлтан уақытымен3 тамыз сағат 00:48) қонған.

Ғарыш аппаратын құтқару кемесіне жеткізуде (фото NASA-ныкі)

Дуглас Херли мен Роберт Бенкеннің оралуы америкалық ғарышкерлер үшін 1975 жылы 24 шілде күні «Аполлон-Союзбен»  Томас Стаффорд, Вэнс Брэнд және Дональд «Дик» СлейтонніңТынық мұхиты Гавайи жағалауына қонуынан кейінгі, 45 жыл араға уақыт салып орын алған жаңалық болды.

62 күн бойы Бенкен мен Херли станция бортында бірқатар ғылыми эксперименттерге, ашық ғарышқа шығуға және қоғамдық шараларға қатысқан. Жалпы алғанда, ғарышкерлер орбитада 64 күн болып, Жердің айналасында 1024 айналым жасаған, сондай-ақ 27 147 284 статуттық миляні бағындырған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер