Шымкент қаласы тұрғындарының назарына! (видео)

3067
Adyrna.kz Telegram

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келеді.
Осы орайда, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қала аумағында мал союды ұйымдастыруға, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, мал сою цехтарының және мал сату базарларының жұмысы тоқтатылады.
Азаматтардың құлшылық амалға деген ниетін орындау мақсатында онлайн құрбан шалу тәжірибесі іске асады.

Ол үшін азаматтар Qurban2020.kz сайтында құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен қала тұрғындары құрбандық малын таңдап, төлем жасауға мүмкіндігі бар.

Осы бағытта құрбандық шалу рәсімінің бекітілмеген орындарда жүзеге асырылмауын арнайы жергілікті тәртіп сақшылары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қадағалайтындығын ескертеміз.

Шымкент 

Пікірлер