Американың Портланд қаласында наразылық білдірушілер мен федералды агенттер арасында 50 күннен бері қақтығыстар тоқтамай, әлі күнге тәртіпсіздіктер тыйылмауда, - деп хабарлайды «Адырна» РИА Новостиге сілтеме жасап.
Федералды агенттер сот ғимаратының жанындағы жүздеген демонстранттарды тарату үшін тағы да газ бен шу гранаталарын қолданған. Наразылық білдірушілердің сот ғимаратының айналасындағы қоршауды сілкіп, одан түтін мен жанатын снарядтар лақтыра бастағаннан олар осындай әрекетті қолдана бастаған.
Алаңда жүрген ондаған адам жөтеліп, көздері ашып қашқан.
24 шілде күні АҚШ соты федералдық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Орегон штатының Портланд қаласында наразылық білдірушілерді тұтқындауға тыйым салудан бас тартады.
Естеріңізға сала кетсек, Портланд пен АҚШ-тың басқа да бірқатар қалаларында бір айдан астам уақыт бойы наразылық акциялары өтіп жатыр. Миннеаполис қаласындағы полицейлер афроамерикандық Джордж Флойдты өлтіргеннен кейін мұндай көтерілістер өршіп кеткен-ді.
АҚШ президенті Дональд Трамп тәртіптің орнауына қажетті шараларды қабылдамай отыр деп штат басшылары мен муниципалитеттердің әрекеттеріне наразылығын бірнеше рет білдірді. Осыған байланысты бірқатар қақтығыстарда қалаларға әскери және федералдық полиция қызметкерлері енгізілген еді. Ал бұл АҚШ Демократиялық партиясын жақтаушы жергілікті биліктің наразылығын тудырды.