Метрополитен – Нью-Йорк қаласындағы және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі. 1870 жылы негізі қаланған.
1.Музейге жыл сайын 5 миллионнан астам адам келеді. Музей көлемі жағынан әлемде төртінші орынды алады.
2.Ежелгі мысыр абызы Неджемахтың алтынмен жалатылған саркофагын 2017 жылы Нью-Йорктегі Метрополитен мұражайы сатып алған еді. Алайда сарапшылар бұл табыттың 2011 жылы ұрланғанын анықтап, Египетке қайтарылды.
3.Мұражайдың аумағы 18 гектардан асады. Онда 3 миллионға жуық экспонаттар бар - ежелгіден қазіргі заманғы артефактілерге, әртүрлі елдер мен құрлықтардан әкелінген.
4. Мұражайдың 17 бөлімі бар, олардың әрқайсысы әлемнің белгілі бір бөлігінің өнеріне немесе тарихтың уақыт кезеңіне арналған.
5.Метрополитен мұражайының ерекшелігі - меценаттар мен донорлар қаржыландырады. Мемлекет қаражаттың аз ғана бөлігін бөледі.
6. Метрополитен топтамасында 2 миллионнан астам өнер туындысы бар, Соның ішінде Сақтардан, ғұндардан, гректерден, қыпшақтардан, алтынордалықтардан, моғолдардан, мәмлүктерден қалған мол дүние осы музейде сақтаулы тұр.
Метрополитенде төмендегідей тарихи жәдігерлер бар.
.
Испан суретшісі, кубизмнің негізін салушы Пабло Пикассо «Орындықтағы әйел» картинасы.
Джакометтидің «Үш адамның серуені II» туындысы.
Голланд суретшісі Винстен ван Гог «Күнбағыс» картинасы.
Алтын Орданы билеген Әз-Жәнібек ханның дулығасы сақталған.
Осман түріктері империясының XVI ғасырдағы әскери қолбасшылары қолданған ері.
Дайындаған: Гүлвира Асқар, "Адырна" ұлттық порталы