Шымкент тұрғындарына 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алу тәртібі түсіндірілді

2435
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантин кезіндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем (42500 теңге) тағайындауға байланысты онлайн-брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісіне Жанат Өтебаева, Шымкент қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және Шымкент қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Бауыржан Оспанов қатысты.

Брифингте сөз алған Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева ағымдағы жылдың шілдесінде карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға біржолғы төлем тағайындау барысын баяндады.

- Өтінімдерді egov.kz – веб-порталы, 42500.enbek.kz порталы, telegram-bot-тар, Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы және де екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады. Өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Төлем шілде айына ғана төленеді. Өтінішті жалдамалы жұмыскер емес жұмыс беруші тарапынан беріледі. Бүгінгі күнге Шымкент қаласы бойынша 105 821 өтініш түскен, оның ішінде 100 504 өтініш бойынша төлемдер тағайындалып, төленген, - деді Жанат Өмірсейітқызы.

Айта кетсек, біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:
1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
2) жеке кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).

Сонымен бірге, жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайын) болып табылатын мүгедектер, студенттер, егер олар шектеулерге байланысты табыстарынан айырылса, біржолғы төлем алуға құқылы.

Шымкент

Пікірлер