Ұлттық сенім кеңесі не істеп жүр?

3347
Adyrna.kz Telegram

Халықты босқа алдамай, ешқандай пайдасы жоқ Ұлттық сенім кеңесін  тарқата салу керек. Бұларға президент сенім білдіріп отыр емес пе?!
Ел басына күн туғанда, халықтың арасына кіріп,  құзіреттеріңді нақты проблемаларды шешуге пайдалансаңдар қайтеді, құзіреттерің болса?!

Осы кеңестің не құзіреті бар?

Ешқандай да құзіреті жоқ. Сырт көзге бізде демократияның жаңа институты бар деп көрсеткеннен басқа. Мүмкін өздерін алдайтын шығар, "Президентке тікелей мәселені жеткіземіз" деп.
Президент сіздерсіз де білмей отырма не болып жатқанын? ФБ-ны ашса бәрі тұрғой.

Қала берді журналистер мен қаптаған арнайы қызметтер жеткізіп отырғой бәрін.

Жылына екі рет "жеткізумен" шектелетін топтың, пандемия кезінде бір мәселені шешкенін көрмедік. Халықтың арасына кіріп шынайы ақиқат көрсеткенін де көрмедік, жалғыз Айгүл Орынбектен басқа!

Бұлардың депутаттардан айырмашылықтарын көрмедім. Мүмкін бұл жер сол депутаттыққа "трамплин" ретінде "дайындық курсынан" өткізетін жер шығар, сенімдерін ақтағандарға депутаттық мандат беретін. ("Тыныш жүре алмайтын" Айгүлді ол жерден шығарып жібермесе болғаны.)

Бұл жазбам ондағы отырған ешкімнің қара бастарына қатысы жоқ. Тек, атауы жер жарардай кеңес құрып, қолдарына бір құзірет бермей халықты да, оларды да алдап отырған үкіметке айтқан сыным деп түсініңіздер!

Рүстем Ашетаев,

журналист, қоғам белсендісі

 

Пікірлер